Желаяқ Жыланбаев Мәсімовпен тығыз байланыста болған ба?

none

Бүгін желаяқ Марат Жыланбаевтың кезекті соты өтті. Апелляциялық сот бұрынғы шешімді – 7 жыл түрме жазасын өзгеріссіз қалдырды. Мұнда қандай гәп бар? Мұны анықтау үшін осы жағдайдың саяси тәпсірін берейік.

Марафоншы Жыланбаев Гиннестің рекордттар кітабына 7 рет енген. Ол әлемдегі талай шөлді, жаяу адам жүріп өте алмайтын талай жазықты, тау-тасты жүгіріп кесіп өткен марафоншы. Ол жүгірудің әдіс-айласын, медодикасын жақсы меңгерген. Марат Жыланбаев желаяқ қана емес, білікті жаттықтырушы. Ол оншақты жыл бұрын салауатты өмір салтына ойысқан талай шенеунік пен бизнесменге жүгірудің қыр-сырын үйретті. Олардың ішінде Қаңтар оқиғасы бойынша басты айыпталушы болған Кәрім Мәсімов пен банкир Е.Тәтішевті Әбілязовтің тапсырмасы бойынша өлтірді деген айыппен сотталған Мұратхан Тоқмади де бар. Бұл екеуінің алғашқысы ол кезде ҰҚК-нің басшысы, екіншісі биліктен қолдау тапқан ірі кәсіпкер еді. Бұлар да анау бір жылы Қазақстанда өткен марафонға қатысқан.

text

Марат Жыланбаевтың оппозицияшыл белсенді әрекетін көбіне шетелде қашып жүрген Мұхтар Әбілязовпен байланыстырады. Мұны теріске шығара алмаймыз. Жыланбаев соңғы жылдары Қазақстандағы әбілязовшілермен бірлесіп «Алға, Қазақстан» партиясын құрмақшы болған. Ал Әбілязовтің онлайн арқылы құрып алған ҚДТ («Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы») ұйымы экстремистік деп жарияланған. Оның үстіне, Әбілязов банкир Е.Тәтішевті өлтіруге тапсырыс бергені үшін ұзақ жылға сотталған. Қазақстан соты Әбілязовпен, Әбілязов құрған экстремистік ұйыммен байланысқан, содан қаржы алған белсенділерді соттап жатыр. Марат Жыланбаев та сол ісі үшін жазықты болды. Осы тұста «Жыланбаев неге Әбілязовке байланып қалды, оны осы жолға, Әбілязовке қарай итермелеген кім?» деген сұрақ туады. Ол үшін Кәрім Мәсімовтің ҰҚК-ін басқарған тұстағы Әбілязовке қарсы жасаған әдіс-айласын, тактикасын қысқаша баяндайық.

Кәрім Мәсімов тұсында арнайы қызмет Әбілязов ұйымының ішінен іріту үшін танымал талай белсенді, талай жалынды журналисті бағыттады. Солардың бірі - Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай және ағайынды Кетебаевтар. Олардан басқа Әбілязов құрылымында жұмыс істеген талай журналист пен саясаттанушы болды. Олардың бәрі сол мезетттегі құпия тапсырманың үдесінен шықты ма, шықпады ма, оған баға бере алмаймыз, әйтеуір олар сырт айналып кеткен соң, Әбілязов құрған ұйымдардың ішіне іріткі түсіп қатты әлсіреп кетті.

Осы тұста «чекист» Кәрім Мәсімов шетел асып кеткен Әбілязовті түбегейлі «ұйыққа» (балшыққа) тығу үшін жүгіру спортын желеулетіп экс-боксшы әрі экс-рэкетир Мұратхан Тоқмадимен жақындасқан. Ол 2000-шы жылдардың басында Жамбыл облысында аңшылықта жүріп банкир Е.Тәтішевті шүйдесінен атып өлтірген, бірақ «мылтық абайсызда атылып кетті» деп, Тоқмади тиісті жазасын алмай сытылып кеткен-ді. Мәсімов Тоқмадимен бірге жүгіру спорты бойынша жаттығып жүріп, одан суыртпақтап сөз тартып, мәлімет жинап, ақыр соңында Әбілязовтің тапсырмасы бойынша Тоқмадидің Е.Тәтішевті өлтіргенін дәлелдеп, соттатып жіберді. Тоқмади қазір сол қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр. Осы жағдайды еске алсақ, Кәрім Мәсімовтің желаяқ Марат Жыланбаевпен жақындасуы, оны кейін Әбілязов ұйымына қарай итермелеуі бекер емес.

Алғашқы жоспар бойынша, Жыланбаевты Қазақстандағы әбілязовшілердің лидері қылып, жеме-жемге келгенде Мамай секілді Әбілязов ұйымын ішінен ірітіп, «ырду-дырды» қылып қоймақшы болса керек. Ал 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы жақындағанда «Ескі Қазақстанның» белді өкілі Мәсімов желаяқ Жыланбаевты елде саяси тұрақсыздық тудырудың бір бағыты ретінде қолданбақшы болған сияқты. «Не хабар» сайты Қаңтар оқиғасының басты үйлестірушісі Кәрім Мәсімовтің Жыланбаевқа үнемі қолдау жасап тұрғаны жөнінде мәлімет таратты. Бұл ақпарат рас сияқты. Себебі 2022 жылы реванш алуға ұмтылған «Ескі Қазақстан» «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал болған бұрынғы спортшыларды осындай «шаруаға» тартты.

Танымалдығы тұрғысынан қарағанда желаяқ Марат Жыланбаев экс-боксшы Арман Жұмагелдиевтен кем түспейді. Күрделі жоспар құруға бейім Мәсімов мұндай адамды пайдаланып қалмауы мүмкін емес... Дегенмен, «Ескі Қазақстанның» 2022 жылғы реваншы сәтсіздікке ұшырады, Мәсімов абақтыға жабылды, екі арадағы бұрынғы байланыс шарт үзілді, «қараусыз» қалған Жыланбаев амалсыздан әбілязовшілердің тобында қалып қойған секілді секілді.

Ораз Әлімбеков,

материал Фейсбук парақшасынан алдынды

Айдары: Дүрбі 19.01.2024 102

Қатысты мазмұн