Жасылдар партиясы құрылтай сиезін өткізбек

none

Бұл туралы партия төрағасы Азаматхан Әміртай өзінің Фейбуктегі парақшасында хабарлады.

«Партиямызды қолдаушы ағайындарды “БАЙТАҚ” партиясының съезінде күтеміз!!!

Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Қазақстанның «Жасылдар «Байтақ» Партиясының құрылтай Съезі 2022 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11:00 Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 42, Қазақстандық «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы мекен-жайы бойынша өтетінін хабарлаймыз» - деп жазды ол.

Бұған дейін Қазақстандағы экологиялық қозғалыстың көш басында тұрған Азаматхан Әміртай «Байтақ» деп аталатын саяси партия құрудың алғашқы қадамын жасағаны хабарланған болатын. 24 тамызда саясаткер заңда көрсетілген бастамашыл топтың тізімін Әділет министрлігіне өткізді. Осы процестен кейін партия сиезін өткізеді. Дүние жүзінде ықпалға ие жасылдар қозғалысын қолдайтын белсенділерді экологиялық мәселесі шешілмеген Қазақстанда көп жұмыс күтіп тұр.

Жаңадан қызметін бастап келе жатқан. жасылдар партиясы мен оның басшылығы аты бар да, заты жоқ болып, экологиялық қозғалысқа күмәнмен қарауды үйреншікті құбылысқа айналдырған аты шулы Мэлс Елеусізовтің жолын қайталамауы маңызды.

Айдары: Бақ-бақ 26.08.2022 143

Қатысты мазмұн