Мен мына нәрсені түсінбеймін: Парламент мемлекетке қажет заңдарды қабылдайды да, оны билік орындамайды. Ал оны "неге орындамадың?" деп сұрайтын депутат жоқ! Ондай депутат іздеп отырған мен де ақымақ шығармын? Өйткені, "Парасат" орденімен құттықтаған бір посттың астына Нұртай Сабильянов деген депутат "Жарайсың!" деп көпшік қойып кетіпті! Штраф керек боп бара жатса, заңды орындамаған осындай мекемеге немесе басшысына неге салмайсыңдар?!
Мысалы, Ерболат Мұхамеджан деген журналисті алайық. Былтыр, осыдан 9 ай бұрын ғана (24.06.2025ж) әлеуметтік парақшасында "Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алдым" деп пост пен суретін жариялаған еді. Жарайды. Еңбегі бар шығар. Бірақ арада 9 ай өте салып, "Парасат" орденін тағы кеудесіне тақты.Сонда бұл не болғаны?
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" заңның 5-бабын қараңыз. Онда " Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, көп балалы аналарды наградтауға және қаhармандық ерлiк жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттердi қоспағанда, осының алдындағы наградтау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi" деп тайға таңба басқандай жазылған!
5 жыл тұрмақ, 1 жыл да өткен жоқ қой! Ерболат Мұхамеджан 9 айда мемлекетті қандай "қиын-қыстау заманнан" алып шығып, қаһармандық жасап еді? Әлде, ол да көпбалалы аналар санатына жата ма? Бұл не бассыздық?! Жалпы, біздегі заңдар не және кім үшін жазылған, өзі?! Қара халықты шырылдату үшін бе?
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтатын "Заң мен тәртіп" үстемдігі қайда қалды?! Оған Ерболатқа награда берген мекеме де, Ерболаттың өзі де пысқырып тұрған жоқ қой! Бұдан кейін басқадан не әділеттілік талап етесің?! Әлде, Президентті подставить ету үшін әдейі жасайсыңдар ма? Беттерің қалың болмаса, халықтың алдында қарабет болғыларың келмесе, мезгілі жетпеген орденді кері қайтарыңдар!
Тоқтар Жақаш, журналист