Журналист журналистің жауы ма?

none

Екі журналист – Ришат Асқарбекұлы мен Руслан Ербота (1-суретте) шекісті. Екеуі де шет тілдері институтында оқыған, екеуі де Нарынқол өңірінің тумасы. Екеуінің есімі де онша қазақша емес сияқты... Дегенмен, бұл жағдайда да «адам адамға дос, жолдас және бауыр» болмай тұр. Мұнда қандай гәп бар?

text

Журналист Ришат Асқарбекұлы (2-суретте) Фейсбук парақшасында былай депті:

«ARA MEDIA жетекшісі (Руслан Ербота) арнамды жапқалы жатыр деп, еңірегенде етегі “жасқа” толыпты. Ерінбей соңына дейін көріп шықтым. Хабарларын бұрын бір-екі рет көзім шалған. Ютубтағы контенті аннан-мұннан жұлмалап алған, өзгеден ерекшелігі жоқ, соңынан жарнама алу үшін подписчик жинауға арналған, шешімі жоқ бла-бла әңгіме ғой негізі. Одан да біреуге шапағаты тиетін, штатив көтеріп шапқылап жүретін қарапайым тілшінің еңбегі қоғамға пайдалы.

Әлбетте ол жүргізіп отырған ресурсқа біреулер қомақты қаражат құйды ғой. Әйтпесе ай сайын 2 млн теңге шығынды (меніңше одан да көп) бас редактор өзі жаба алмасы анық. Ол контент жасай ма әлде қаражат іздей ме? Бұрын тендер алып, аузым күйген деп қояды. Оған жоламаймын дейді. Сонда қаражатты қайдан алады? Сондықтан сөзіне сене қоймадым. Билік жобасын шандап жабамын десе, 6 секунд. Бос шелек даңғырлақ келедінің кері ғой мынау.

Жас Алаш, 31 канал, Азаттық радиосында істегенін айтады да, бір жылдары облыс әкімнің қасында баспасөз қызметінде де, яғни билік тармағында да жұмыс істегенін еске алмайды)) Сөз соңында журналистикада 30 жыл жүрдім, арсында әріптестеріммен көңілім суып, қолын алмай кететіндер болған депті. Онысы рас.

Өз басыма оның қиянаты болған. Қарамағында жұмыс істеген бір депутат кісіге дәлелсіз тиісе берген соң, жекесіне шығып жағдайды түсіндіремін деп басым бәлеге қалған. Ірі бизнесмен болған соң, бірдеңе дәметті ме білмедім, тисе беретін еді. Басқарып отырған сайтында әлгі мәжілісмен туралы 6 мақала, менің өзіме арнап фотомды салып тұрып, бірнеше мақала жазды. Ерегісіп алып, қадалған жерден қан алатын әдеті барын білмеппін. Әйтпесе Инязда бірге оқығанбыз. Жерлестігіміз бар, студент кезде бір ғимаратта оқыдық, тілші боп жүргенде іссапарларда да талай шүйіркелескенбіз. Өзім деп жүрсем, ақырында спикер Ерлан Қошановқа үстімнен домалақ арыз жазғанда жағамды ұстадым. Журналистік солидарность дегенді де аяққа таптай салды сол кезде. Қошановтың кеңсесі жауап бергенде жоқ хатына. Ол арыз айналып-айналып, депутаттың көмекшісі боп жүрген – маған келді. Менде әлі сақталып тұр. Ал сол депутат кейін сенатор болды, оның жанында мен де төрт жыл жұмыс істедім. Анаған бір ұрынып, мынаған бір ұрынған даңғой журналистің одан кейінгі тіршілігін қадағаламаппын. Фейсбуктен де сол кикілжің кезінде блоктап кеткен. Енді өз басына бәле келіп, шырылдап отыр екен ғой. Аман құтылуына тілектеспін!»

Айдары: Бақ-бақ 31.07.2026 32

Қатысты мазмұн