Жалған дипломмен жүрген «журналист». Сіз кімсіз, Думан мырза?

none

Әлеуметтік желіде әділдік үшін «күресуші», биліктің бітіспес жауы ретінде өзін көрсетуге тырысатын блогер Думан Мұхаммедкәрімге қатысты біраз шындықтың беті ашылды.

Оқырманға түсінікті болу үшін Думан мырзаның 2000-2018 жылдар аралығында мемлекеттік телеарналарда дипломсыз, сосын жалған дипломмен қалай қызмет атқарып, жалақы алғандығы туралы тың мәліметпен бөлісуді жөн көрдік.

2000 жылы Астана телеарнасында қызметін бастаған Думанға жұмысқа орналасу үшін журналист дипломы қажет болмағандығын қалай түсінуге болады? Әлде, бұл телеарнада да тамыр-таныстық, жең ұшынан жалғасатын сыбайластық болған ба?

Одан әрі, 2003-2005 - Павлодар, 2006-2007 жылдары - Астана қалаларындағы «Қазақстан» ұлттық телеарнасының филиалында журналист қызмет атқарған Думекең, бақандай 6 жыл «Қазақстан» ұлттық телеарнасында тиісті дипломсыз қызмет атқаруы көңілге күмән туғызады. Журналистер арасында «дипломды пысқырмайтын, дөкей Думан» деген пікір қалыптасқан екен.

Біреулері оның «дөкей көкелері» барын айтса, енді бір әріптестері «Ақорда және үш әріп тарапынан ұзақ мерзімге дайындалған жоба» деп топшылайды. Екі пікірге де сенбеске амал жоқ.

2013 жылы журналистикадан Батыс Қазақстан облысы бойынша әкім аппаратының баспасөз хатшысы ретінде мемлекеттік қызметке ауысуды көздеген Думан мырза арнайы тексерістен өте алмайтынын түсінді. Не дегенмен мемлекттік қызметтің аты мемлекеттік қызмет қой. Барлық жерден жол тапқыш Думан жаңа жұмыс орнына жалған диплом жасатып, ұсынды. Дегенмен, ұсталып қалып, масқара болған жайы бар.

Сөйтсек, Думанның 2010 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінен журналист жалған дипломын сатып алғандығын құзырлы органдар тексеру барысында біліп қойған. Бұған мұрты қисаймаған Думан 2014-2015 жылдары «маған не істей аласыңдар» дегендей, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Ақмола филиалында қызметін жалғастырған.

Жалған дипломнан абыройсыздыққа ұшыраған кейіпкеріміз 2018 жылы Көкшетау қаласындағы А.Мырзахметов атындағы университеттің дипломын алды. Осыдан кейін, біраз үнсіздіктен кейін, ол «You Tube» арнасында «ND» бағдарламасын ашты. Ақорданың «Думан жобасының» тактикасы бойынша, алдымен халық сеніміне мықтап кіру үшін «оппозицияшыл» журналист болады, билікке деген тұрғындардың реакциясын анықтап, тиісті аудитория жинақтаған соң, жымысқы әдіспен наразы жұртты ішінен ыдырата бастайды. Сондықтан өткен өмірі күмән мен шытырман оқиғағаа толы нағыз авантюрист Думан Мұхамедкәрім «Қосанов-2» болып шықса, таңғалудың қажеті жоқ.

«S»

Айдары: Дүрбі 24.01.2023 2448

Қатысты мазмұн