Үкіметтің ұшақтары

none

БІР-БІР ҰШАҚ ҰСТАЙДЫ ӘУЕЖАЙДА...

Премьер-министрге және оның төрт орынбасарына жеке-жеке ұшақ қарастырылған. Сөзім дәлелді болуы үшін суретті қоса ұсынып отырмын.

Бір қызығы, Үкіметтің авиациялық шығындары еш жерде айтылмайды. Президенттің іс басқармасына қарайтын «Беркут» авиакомпаниясының сайтына кіріп көріңіз, супер-джеттер туралы бір түйір ақпарат жоқ.
Жыл сайын халықтан жасырып жұмсайтын миллиардтар туралы білгіңіз келсе толық оқып шығыңыз. Мен отырған мына ұшақтың құны 140 миллион доллар тұрады. 2015 жылы шығарылған. Дәл осындай су жаңа су мұрынның төрт түріне отырып ретсіз рәсуаларға куәгер болдық.

Рәсуә дейтінім, мынау тұрған Қарағандыға ұшақ алдырған «көкелерді» көрдік. Талдықорғанда отырып тиіп тұрған Алматыға ұшақ алдырған сәттерге мен ғана емес, танымал блогерлер де куә.
Әуелде мұндай VIP самалеттердің ішінде суретке түсуге тыйым салынды. Себебі, Үкімет мүшелерімен бірге жүргендіктен халыққа шалқыған өмірдің сәттерін шығармаңдар деген бұйрық түсті. Бір қызығы, осындай жылы-жұмсағы жайылған ұшақтармен 2 жылға жуық тоқтаусыз ұшыппын.

Сонымен, Үкімет мүшелерінің авиапаркі қай жерде орналасқан. Астанадағы әуежайдың арғы бетіне барсаңыз VIP-терминал тұр. Ол жерде Үкімет мүшелеріне және форбс тізіміндегі бай-манаптарға күндіз-түні қызмет көрсетіледі.

Премьер-министр Асқар Маминнің ұшағына артық адам отырмайды. Мәселен, өңірлерге жұмыс сапары кезінде вице-премьерлерге бөлек бизнес-ұшақ қарастырылған. Оған министрлердің міңгесуіне рұқсат. Бірақ, Бейбіт Атамқұлов секілді миллиардер министрлер мен «Самұрық-қазынаның» Есімов секілді жетекші менеджерлері жекеменшік компанияларға тапсырыс береді.

Бизнес санаттағы ұшақтың 1 сағаты кемі 5000 евродан басталады. 10 сағат жалдасаңыз 50 000 евро. Ұлттық валютамен есептесеңіз шамамен 25 миллион теңге. Бұл-бір бағыттың ғана шығыны. Ал, халықаралық ұшулар құны 40 000 евродан басталады. Жылына кемінде ішкі және сыртқы 30-40 жұмыс сапары жоспарланады. Оның шығынын есепшотқа соға беріңіз. Сомасы миллиардтарды құрайды.

Сонымен, ұшақтан құшаққа секіріп жүрген Үкімет мүшелерінің авиациялық шығындары туралы бейресми дерек жоқ емес, бар.

Премьер-министрді, 4 вице-премьерді және министрлерді, Сенат пен Мәжіліс төрағаларын туда-сюда тасымалдауға жыл сайын Республикалық бюджеттен 15 000 000 000-20 000 000 000 (он бес-жиырма миллиард теңге) қарастырылады.

Президенттің іс басқармасына қарайтын «Беркут» авиакомпаниясы мемлекеттік деп көрсетілген. Яғни, саны көп сапасы жоқ Үкіметтің аспандағы ермегіне халықтың есебінен сұраусыз ақша алу үрдісі 20 жылдан бері жалғасып келеді.

«Хабар» мен «Қазақстанның» жаңылтпаш жаңалықтарын қарап отырсаңыз Асқар Мамин түске дейін Түркістанда, түстен кейін Қарағандыда, кешкісін Көкшетауды алатауды айырып, қаратауды қайырып жүр деген қыртымбай сюжеттерді күнде көресіз.

Бір мезетте Ералы Тоғжанов Атырауда, Әлихан Смайылов Алматыда, Роман Скляр Петропавлда жүр деген жаңалықты да жиі естисіздер. Былай қарасаң, Үкімет үнемі ұшып-қонып жүреді. «Еріккен сарт енегін уқаласа», біздің еріккен Үкімет сідік шаптырым жерге самалетпен сайраң салуды ұнатады. Қызмет құнына құнарлы тағаммен қоса, қызыл-қара икра, арақ-виски, экзотикалық жеміс-жидек ұсынылады. Орташа есеппен алсақ, соңғы он жылда келіп-кетіп жатқан пайдасы көк тиын Үкіметтің ұшып-қонуына ғана 200 000 миллиард теңгеге жуық ақша бюджеттен шығындалыпты.

Бұған 19 министрліктің командировочный шығындарын қосыңыз.

Мәселен, Бейбіт Атамқұлов басқаратын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі іссапар шығындарына 250-300 миллион теңгеге дейін қарастырған.

Ұзын сөздің ырғасы Үкімет халықты емес, халық Үкіметті асырап отыр. Милиардтап ұшаққа, миллиондап машинаға, пайыздап премяға, былапытта айлыққа аяусыз ақша жұмсайды.

Салыстырмалы түрде: Қазақстанда жылына 30-40 әйел үшем туады екен. Сол үшем туған аналарға қазақсанның кез-келген қаласынан кезексіз пәтер берілсін деген ұсыныс болып еді. Сол уақытта, Үкімет басындағы сабаздар үшем туатын санаулы әйелдің шығынын ауырсынып бас тартқан болатын.

Басқасын өзіңіз ойлай беріңіз...

Айтпақшы, ұшақ ішіндегі басқа да қызыққа толы суреттер мен видеоларды алдағы уақытта бөлісемін. Әзірге, осыны өзара бөлісе беріңіздер.

Ербол Мәндібек, журналист.

Айдары: Бақ-бақ 16.03.2021 44

Қатысты мазмұн