Тоқмәди банкир Тәтішевті Әбілязовтың тапсыруымен өлтіргенін тағы мойындады

none

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди "Хабар" телеарнасындағы "Большая неделя" ток-шоуы эфирінде Мұхтар Әбілязовтың қалай банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс бергенін айтты. Тоқмәди қазір жазасын өтеп жатқан колониядан байланысқа шықты. Оның айтуынша, Әбілязов оның отбасына қауіп төндірген.

"Ол арнайы қызметтердің біздің қарым-қатынасымыз туралы бәрін білетінін айтты. Біздің аң аулауға ғана емес, өмірде де жақсы қарым-қатынасымыз барын біледі деді. Мені және менің отбасымды қорқытты. Өлтіремін немесе қаматамын деп қорқытты. Онда банк алдында қарызым төрт миллион болды. Ол өзі ұсынды (тапсырысты - ред.). Барлық қарыз өтелетінін айтты", - деді ол.

Тоқмәди Әбілязовтің өзі Тәтішевті өлтіруді сұрағанын айтты.

"Барлығы бірнеше кездесу болды. Ол маған Ержанның оған дұрыс қарамағанын айтты. Ол өз үлесін алып, оны шақырды. Мен барлық сөзімді растаймын", - деді Тоқмәди.

Ал осы істі қараған судья Азамат Тілепов Әбілязовтің Тәтішевті не үшін өлтіруге тапсырыс бергенін айтты. Оның айтуынша, Әбілязов пен Тәтішев БТА банкін 1999 жылы сатып алды. 2002 жылы Әбілязов қамауға алынып, сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Алдын ала тергеу кезінде олардың арасында уағдаластық болған: Әбілязов өз активтерінің бір бөлігін Тәтішевтің атына қайта жазуы керек болды. Мәміле құны сол сәтте - 300 миллион доллар болды. Олигарх 2003 жылы рақымшылықпен босап шыққанынан кейін оның құны шамамен үш миллиард теңгеге дейін өскен активтерге қатысты банкирмен даулар туындаған.

"Оларда өзара дау пайда болды. Бұл тергеу кезінде дәлелденген. Әбілязов Тәтішевтің көзін жоюды шешті. Тергеу нәтижесі көрсеткендей, оған ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев көмектескен. Тәтішев істегеннің бәрін Әбілязов біліп отырған", - деп атап өтті Тілепов. Ток-шоу эфирінде Дүтбаевтан бейне жауап алынды, ол Әблязовтың өтініші бойынша банкирдің байланыстары туралы ақпарат жинағанын мойындады. "АЖО (ақпарат жинау орталығы) қызметкері Репниковты шақырған, Тәтішевтің телефонын бақылауға қою керек деді. Тәтішев аң аулау кезінде қаза болған кезде, осыдан кейін "Тұран Әлем банкін" басқару үшін күрес басталғае. Тәтішевтің банктегі үлесін мұраға алып, иесіз қалған банкті басқару үшін күресті бастады. Әблязов банкті бақылауға алуға көмектесуді сұрады", - деді ҰҚК бұрынғы басшысы.

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди 2017 жылдың маусымында қамауға алынған. Алматының Алмалы аудандық соты оны бопсалау және қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыны заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау және тасымалдау деректері бойынша айыпты деп танылды. Ол прокурормен келісімге келді. Сот үкімімен Тоқмәди 2017 жылдың 10 қазанында 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтеп жатыр.

Кейін Тоқмәди КТК телеарнасына берген сұхбатында Тәтішевті өлтіргенін мойындаған. Ол "Банк Тұран Әлем" экс-басшысын өлтіруге Мұхтар Әбілязов тапсырыс берді деген. 2018 жылдың наурызында Тоқмәди 10,5 жылға сотталған. Банкир Ержан Тәтішев 2004 жылдың желтоқсанында Отан станциясы маңында аң аулап жүргенде қаза болған. Ол Toyota Land Cruiser тізгінінде болған. Аңды қуып жеткен кезде ол қаруды Мұратхан Тоқмәдиге берген. Сарапшылардың сол кезде жасаған қорытынды бойынша, көлік ойыс жерге түсіп кетіп, қару өздігінен атылған делінді. Оқ банкирдің басына тиген. Оқ оның шүйдесінен кіріп, оң көзінен бірақ шыққан. Сол уақытта бұл жағдай "қайғылы оқиға" делінген. Кейінгі тергеу бойынша Тоқмәди Тәтішевті әдейі, Әбілязовтың тапсырысы бойынша өлтіргені дәлелденді.

"S"

Айдары: Дүрбі 07.10.2019 29

Қатысты мазмұн