Санжар Боқаев оппозиция емес екенін мойындады

none

Кезектен тыс президент сайлауы жақындаған тұста саяси сахнада оппозициялық рөл ойнаумен келе жатқан фигуралардың шындығында кім екені анықталатын кез келген сияқты. Әбілев, Әлтаевтар популизмге ұрынса, төңкеріс жасауға шақырып отырған Әбілязов пен елді ашаршылыққа ұшыратуды ұсынған Біләш әр түрлі деңгейде адекват емес екенін көрсетті. Қамауда жатқан Мамайдың ғана рөлі әлі анықталған жоқ. Оның сахнаға шығатын уақыты әлі алда. Ал бүгін көптен бері Ақорданың кезекті жобасы атанып келе жатқан, бірақ өзін билікке оппозициялық көзқарастағы саясаткер етіп көрсетуге барын салып жүрген экс-шенеунік ақыры ондай емес екенін мойындады. Әлеуметтік желідегі парақшасында шыққан жазбасында бұған дейін саяси спектальде өзіне белгіленген рөлді ойнағанын анық көрсетті.

Бүгін ол қолындағы картасының бәрін ашып былай деп жазыпты:

«1. Мен Тоқаевқа қарсы емеспін. Мен оның Назарбаев сияқты болып кетуіне қарсымын.

  1. Мен Жаңа Қазақстанға қарсы емеспін. Мен азаматтардың Жаңа Қазақстан туралы ертегілерге алдануына қарсымын.

  2. Мен мемлекетке қарсы емеспін. Мен мемлекеттің атынан әрекет ететін ұры шенеуніктерге қарсымын.

  3. Мен сайлауға қарсы емеспін. Мен сайлау деген спектакльдерге қарсымын.

  4. Мен оппозиционер емеспін. Тек менің ұстанымым биліктің пікірімен сәйкес келмейді».

Бетпердесін шешкен Санжар Боқаев әр уақытта ҚР Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары және «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

Алматы қаласының әкімдігінде жұмыс істеген кезінде Санжар Алматының экс-әкімі А.Есімовтің жақын адамы болып, оның қамқорлығын көрген. Ол ішкі саясат басқармасының басшысы болып тұрғанда 21 бұқаралық ақпарат құралының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алматы қалалық Жастар және ішкі саясат басқармасын басқарған кезде бюджет қаражатын жымқыру фактілері болды, бірақ Боқаев А.Есімовтің қамқорлығы арқасында қылмыстық қудалаудан құтылып кетті.

Санжар жеке басының қамын ойлап, Көкжайлау үстіртінде үлкен тау шаңғысы курортын салу қажеттігін айтқан жағдайлар да болды.

2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде ол өзінің саяси нақұрыстығына байланысты ереуілшілерді «әлеуметтік аутсайдер» деп атағанымен белгілі.

Оған құдайдай сеніп келген оның аудиториясы енді не дейді екен?

Айдары: Түтін 31.10.2022 76

Қатысты мазмұн