Сағынтаевтың күйеубаласы қанша жылға сотталады?

none

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот процесі аяқталды. Прокурор қылмыстық істегі басты айыпталушы Жомарт Ертаевты (суретте) 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында Ертаевтың кінәсін жеңілдету фактілерін ескерілген: Ертаев кінәсін мойындады, қылмыстық істі тергеуге көмектесті, шығынды ішінара өтеді, сондай-ақ ол кәмелет жасқа толмаған балалардың әкесі. Прокурор аса ауыр емес жаза мен аса ауыр жазаны біріктіру арқылы 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Оған қоса Ертаевтың мүлкін тәркілеу, оның 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыруды өтінді. Айыпталушының жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап етті.

Бұл істе Bank RBK басқармасының экс-басшылары Игорь Мажинов және Марпу Жақыбаева, сондай-ақ Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим бар. Прокурор оларды 8 жылға соттауды сұрады.

Бақыт Ибрагим – Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың күйеубаласы. Айыптау қорытындысында Бақыт Ибрагимнің кінәсін мойындағаны, қылмыстық істі тергеуге көмектескені, 17,3 миллиард теңге шығынды өтегені айтылды.

Ал Игорь Мажинов 37,2 миллион теңгені өтеген. Марпу Жақыбаева 2011 және 2015 жылдар аралығында Bank RBK басшылығынан бонус ретінде алған 100,2 миллион теңгесін зардап шеккен тарапқа қайтарып беріпті.

Бұл атышулы іске 37 адам тартылды. Прокурор солардың 36-сын кінәлі деп тануды сұрады. Жауапқа тартылған бір адам қайтыс болып кеткен.

Bank RBK-інен 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот өткен жылдың аяғында басталған. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.

"S"

Айдары: Дүрбі 24.09.2020 81

Қатысты мазмұн