Президент бірнеше заңға өзгеріс жасауды ұсынды

none

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында "Бейбіт жиындар" туралы заңның жобасы жайлы айтып берді.

"Митингілерді ұйымдастыру принциптерін енгізуге кірісу керек. Қоғамның сана-сезіміне митинг мәдениетін қалыптастыратын уақыт келді. Қоғамға да, мемлекетке де өз позициясын көпшілік алдында айтатындарға адекват қарайтын кез келді. Бұл шарасыздық, мұның барлығын мәжбүрлі емес, саналы түрде істеу керек. Бірақ митингілердің құқық қана емес, жауапкершілік екенін де түсіну қажет" - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Жолдаудағы жоспарларды жүзеге асыру аясында "Бейбіт жиындар" туралы заң қаралып жатыр.

"[Заң жобасында] мәслихат бекіткен арнайы орындарда өтетін бейбіт жиынның барлық формалары анықталады. Сонымен бірге ұйымдастырушы, қатысушы, бақылаушы ұғымдары және олардың құқықтары мен міндеттері айқындалады. Мәселе заңға жәй ғана өзгеріс енгізу емес, түбегейлі жаңа заң қабылдау туралы болып отыр. Бұл заң бейбіт жиын өткізудің барлық түрлерін өткізу тәртібін белгілейді. Үкімет заң жобасын парламент қарауына енгізуі керек" деді ол.

Президент Тоқаев сонымен бірге "саяси партияны тіркеу үшін 40 мың мүшесі болуы керек" деген заңнама талаптарын өзгерту қажеттігін айтып, "төменгі шекті 20 мыңға дейін азайтуды" ұсынды. Ал «саяси партиялар мен сайлау туралы заңнаманы біртіндеп өзгерту керек» деді ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жала жабу туралы бапты қылмысқа жатқызбауды тапсырды.

"Қылмыстық кодекстің 130-бабын ("Жала жабу") қылмысқа жатқызбай, Әкімшілік құқықұзушылық туралы кодекске ауыстыру туралы шешім шығардым", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында. Cондай-ақ, Президент әлеуметтік, ұлттық, ру қатынасы, нәсіл немесе діни арандатушылықтарға қатысты баптарға тоқталды.

Айдары: Дүрбі 20.12.2019 115

Қатысты мазмұн