Петропавлда апат болған жылу электр орталығының директоры мен бас инженері ұсталды

none

Петропавлдағы жылу электр орталығының директоры мен бас инженері ұсталып, олардың үстінен "қызметіне салғырт қарау" бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы хабарлады.

20 наурызда жылу орталығының түтін шығаратын мұнарасы құлаған еді. Прокуратура жылу орталығы жұмысын бақылайтын инстанцияның да жұмысын тексермек.

Жылу орталығындағы оқиғадан соң жоғалып кеткен 38 жастағы жұмысшы әйелдің мәйіті 22 наурызда табылғаны хабарланды.

Петропавлдағы ЖЭО басқаратын "Орталық Азия электроэнергия корпорациясының" басшысы Александр Клебанов петропавлдықтардан кешірім сұрады. Оның сөзінше, техникалық құжаттарда түтін мұнарасының жағдайы жақсы деп бағаланған.

"Апатқа түрлі факторлар себеп болуы мүмкін. Себебін ашық айтамыз" деген ол.

Айдары: Түтін 23.03.2022 51

Қатысты мазмұн