Париж трибуналы Әбілязовке қарсы шешім шығарды

none

8 қарашада қашқын банкир, олигарх, өзін-өзі шетел оппозициясының көсемі деп жариялаған Мұхтар Әбілязов Париж трибуналында жеңілді. Бұл туралы ол өзі әлеуметтік желіде хабарлап, аудиториясына шағымдады. Бұған әдеттегідей Қазақстан билігін кінәлады.

«Ең таңғаларлығы, БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙ - мен Францияның жоғары сотына кассациялық шағым түсірдім, бірақ полиция бұл істің жоғары сотта қаралуын күтпестен, 30 күн ішінде Франциядан кетуімді талап етіп отыр...

Бұл жерде заңдылық бар екені айқын. Тоқаев Макронмен кездескенде, тура бір аптадан кейін маған қарсы теріс шешім шығады» - деп мұңын шағады Әбілязов.

Әрі қарай әңгімені қайтадан ақша жинау мәселесіне бұрады. 20 қарашаға дейін 20 млн жинауым керек, тезірек ақша салыңдаршы деп жалынады. Әйтпесе апелляция беріп үлгермейді екен. Одан кейін төлқұжаты жоқ оның қайда баратыны белгісіз. Сондықтан ол үшін қуғындағы опоозициялық саясаткер рөлін ойнап, саяси баспана алу маңызды. Ақша жнап алу үшін аңқауларға арнап сөз сөйлеп, Қазақстанның билгін құлатып, қойға бозторғай жұмыртқалаған заман орнатамын деп ертегі айтады.

Бірақ Әбілязовтың өткен жолын білетін көзі ашық адамдар популистік ұран айтудан жалықпайтын оған сене ме?

Айдары: Түтін 10.11.2023 43

Қатысты мазмұн