Оппозицияда қырқыс басталды

none

БТА банктің қаржысын жымқырып шетелде қашып жүрген олигарх Мұхтар Әбілязов биылғы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға ниетті саясаткер Әміржан Қосанов пен Ермұрат Бәпиді аяғынан шалуды бастады. Жиырма жылдың көлемінде шетел асып кетіп, оппозиция кейпіне енген бұрынғы шенеуніктердің арасында да өзара қырқыс үдей түсті. Компроматтар соғысы басталған сияқты, ағайын.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Әбілязов опоозициядан ортақ кандидат ретінде Ермұрат Бәпиді ұсынған Арман Шораевтың бұл ісін "Қосанов-2" жобасы деп атады. Әблязов 2019 жылы Қосанов президенттік сайлауға қатысатынын жариялағанда, бірден оның биліктің қуыршағы екенін, ол «оппозициялық кандидат» серіктесі рөлін ойнауға тиіс Тоқаевтың спарринг-серіктесі екенін айтқанын алға тартады. Оның пікірінше, Қазақстан азаматтары алдауға түсіп тікелей режимге жұмыс істейтін адамға дауыс беруге үйреніп кеткен.

"Ал енді бізге Тоқаевтың спарринг серіктесі ретінде Қосановтың бұрынғы орынбасары, «Жаңа Қазақстан» форумына қатысушылардың бірі Ермұрат Бапиді ұсынып жатыр ма? Олар тағы да бізді алдап, ҚОСАНОВ-2 ойынына тартқысы келеді" - деп жазады "халықтың жанашыры" қашқын экс-банкир.

Оның айтуынша, 2018 жылдың көктемінде Бәпи «ҚДТ»-ға қарсы құрылған «Жаңа Қазақстан» форумына қатысушылардың бірі болды. «Жаңа Қазақстан» форумын Бергей Рысқалиев қаржыландырды. 2019 жылдың 26 сәуірінде Бәпи ЖСДП партиясының төрағасы болды. Сонда ол ЖСДП-ны Бергей Рысқалиев қаржыландыратынын жақсы білді.

Оның ашқан дерегі бойынша, 2019 жылдың 20-21 мамырында Бапи ЖСДП-ның басқа өкілдерімен бірге 2019 жылғы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауға дайындалу үшін Қажыгелдин және Рысқалиевпен кездесу үшін Парижге келіпті. Париждегі бұл жиынға Әміржан Қосановты қолдағандар ғана жиналыпты. «Яғни, Бәпи мен Қажыгелдин режимнің қуыршағы Қосановты көпшілік алдында қолдады. Тек 2019 жылдың 9 маусымында – дауыс беру күні, өкінішке орай, біздің азаматтар Қосанов – биліктің жобасы екенін жаппай түсінді» - деп жазады экс-банкир.

Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік және банкир, ал қазір президенті жоқ елдің премьер-министрі креслосынан дәмелі Әбілязовтың қоржынында БТА-банктің қаржысынан басқа әр түрлі компромат та бар шығар. Оны біріндеп шығарып жатар. Ал Қосанов пен Бәпи оның мәлімдемесіне қандай жауап береді екен?

Айдары: Дүрбі 10.09.2022 78

Қатысты мазмұн