«Оксана Кексельдің ісі» түсініксіз болып тұр

none

**Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы жетекшісі Оксана Кексельдің ісіне қатысты қарама-қайшы ақпарат тарады. Әуелі бұрынғы бас прокурор, қазіргі сенат депутаты Қайрат Қожамжаров 21 қарашада Олеся Кексельдің үстінен қозғалған қылмыстық істің тоқтағанын айтты. **

"[Кексельдің] өтініші осыдан екі ай бұрын түскен. Сенбі күні оған "қылмыс құрамы" жоқ болғандықтан іс тоқтады деп хабарлаған. Дау болғаннан кейін бәлкім, істі қайта қарастыратын шығар. Мен мұны Кексельдің өзінен естідім. Тергеуші оған хабарласып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан іс тоқтады деп айтқан" деді Қожамжаров.

Бірақ, Қожамжаровтың мәлімдемесін Ішкі істер министрлігі терістеп тастады.

"ІІМ Олеся Кексельдің ісі тоқтады деген ақпаратты растамайды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр "ІІМ Олеся Кексельге қатысты істің тоқтатылғаны жайлы ақпаратты растамайды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Оған қатысты іс тоқтатылған жоқ", - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Олеся Кексель мен бас прокуратураның тергеу тобының мүшесі Бауыржан Ғаббасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын ең алғаш болып "Время" газеті хабарлаған. Басылымның жазуынша, істің қозғалуына кәсіпкер Набиевтің шағымы түрткі болған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұған дейін бас прокуратураға бір азаматтың шағым түсіргенін, онда аталған азаматтардың тергеу амалдарында заңға қайшы әдістерді қолданғаны туралы шағымданғанын айтқан. Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, Кексельге қатысты тексеру жұмыстары бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа ісімен байланысты.

"Кезінде Шкарупаға қатысты қаржы жымқыру фактісі бойынша қарсы куәлік берген. Бірақ біз бұл куәліктердің шұғыл-іздестіру шарасы нәтижесінде дәлелденгенін айта кетуіміз керек. Менің ойымша, бұл қорғау тарабының бір тактикасы" деді ол. Олеся Кексель бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі сияқты Қазақстандағы ірі даулы істер бойынша тергеу тобына жетекшілік еткен.

2017 жылы Олеся Кексель "Жылдың мемлекеттік қызметкері" атанды. Ол ең күрделі сыбайлас жемқорлық істерімен айналысып, II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Олеся Кексель мамыр айында арнайы прокурорлар қызметінің жетекшісі қызметінен босатылған.

Айдары: Түтін 21.11.2019 51

Қатысты мазмұн