«Өтіріктің құйрығы бір тұтам»: Байбекке жала жапқан Мамай мен Иманбай қандай жауапқа тартылды?

none

Белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай Бауыржан Байбекке қатысты жариялаған видеоматериалдарын интернеттен өшіріп, онда айтылған мәліметтерді толық теріске шығаруы тиіс. бүгін Алматыдағы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы Райхан Сартаева ерлі-зайыптыларға қатысты осындай шешім шығарды.

Еске салайық, биыл сәуір айында Жанболат Мамай мен Инга Иманбай Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке қатысты видеоматериалдар жариялап, оны жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған еді. Артынша Байбек оларды сотқа берді.

1,5 айға созылған сот кезінде Мамай мен Иманбай өз айтқан айыптауларын дәлелдейтін ресми құжаттар ұсына алмаған. Оның сотқа берген 1,6 мың беттік жауабында әлеуметтік желідегі жазбалар, анонимді телеграм-каналдарға сілтемелер болған.

14 маусымда өткен негізгі сот процесінде судья екі тараптың да уәжін тыңдаған. Алайда, Мамай мен Иманбай негізгі тақырыптан ауытқып, Бауыржан Байбекке жаңа айыптар тақты. Инга Иманбай тіпті, Қазақстандағы сөз бостандығы туралы айтып, судьяның ескертуін елемеген соң, оны уақытша онлайн-байланыстан шеттетті. Бүгін аталған іс бойынша сот шешімі де онлайн-форматта оқылды. Оған жауап беруші тараптан ешкім қатысқан жоқ. Судья Райхан Сартаева Жанболат Мамай мен Инга Иманбайды аталған видеоматериалдарды интернеттен өшіруге, онда келтірілген деректерді ресми жоққа шығаруға міндеттеді. Сондай-ақ, 870 мың теңгеден астам сот шығынын өтеуі тиіс.

Айдары: Түтін 15.06.2021 123

Қатысты мазмұн