Несие тарихын сақтау мерзімін қысқартатын заңға қол қойылды

none

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы Заңға қол қойды, - деп хабарлайды Ақорда.

Заң коллекторлық агенттіктерге борышкермен кез келген байланыс процесінің бейне және аудио жазбаларын жасауды міндеттейді. Заң шығарушылардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі қарым-қатынасты немесе заңнаманы бұзуды болдырмауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон нөмірлерінен борышкермен өзара іс-қимыл жасауға тыйым салынады.

Коллекторлық агенттіктер үшін олардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар да көзделген.

Негізгі жаңалықтардың бірі - несие тарихын сақтау мерзімін 10 жылдан бес жылға дейін қысқарту болып табылады.

Парламент бұл заңды 2021 жылдың сәуір айының соңында қабылдаған болатын.

Айдары: Дүрбі 25.05.2021 28

Қатысты мазмұн