Назарбаевты балағаттаған Хасенов сотталды

none

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын сынап әрі балағаттап, видео жариялаған қарағандылық Арман Хасеновке сотталды. Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазыбек аудандық қылмыстық істер соты Хасеновтің бас бостандығын үш айға шектеп, пробациялық бақылаудан өтіп тұруды міндеттеген.

Сот 29 жастағы Хасеновті Қылмыстық кодекстің "Қазақстанның бірінші президенті – Елбасының беделіне БАҚ не желі арқылы нұқсан келтіру" бабымен айыпты деп тапты. Хасенов жазасы біткенше жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі жұмыс істеуі тиіс.

Соттың мәлімдеуінше, Хасенов бұрын сотталмаған. Ол Назарбаевты балағаттаған 7 минуттық видео түсіріп, жариялағаны үшін айыпталған. Сот үкімінде айыпталушының түсініктемесі келтірілген. Онда Хасенов "ызалықтан азаматтық пікірін білдіргісі келгені" айтылған. Айыпталушы сотта "Елбасының балағаттауға моральдық құқығы болмағанын" айтқан. Хасенов сот отырысында "шектен шығып кеткенін түсініп, аудиожазба арқылы кешірім сұрамақ болғанын", бірақ оған үлгермепті, ұсталып кетіпті.

Сотта Хасенов айыбын мойындап, кешірім сұраған және қатаң жазаламауды өтінген.

Хасеновтің үкімі – "Қазақстанның бірінші президенті – Елбасының беделіне БАҚ не желі арқылы нұқсан келтіру" бабы бойынша шыққан алғашқы сот үкімі. Бұл бап бойынша, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айдары: Түтін 05.06.2020 105

Қатысты мазмұн