«Миссия» орындалмайды немесе Әбілязовтің «подставасы»

none

Қазақстанда заңды билікті құлатуды өзінің «басты өмірлік миссиясы» деп жариялаған қашқын экс-банкир, олигарх Мұхтар Әбілязов құр арманына жетуге қадам жасағандай көрініс жасап жатыр. Франциядан саяси баспана алу мүмкіндігінен айырылып, енді адвокатқа төлейтін ақшам жоқ деп халықтан ақша сұрап жатқан жайы бар. Енді парламент мәжілісінің сайлауына марафоншы Жыланбаевты қатыстырмақ болып тағы да алақанын жайып отыр.

Халықтан 500 мың АҚШ долларын жинамақшы. Қазір 42 мыңы жиналды деп мәлімдеп отыр. Осы ақшаны ақтап отырмын деп аудиториясына белсенді қызмет жасап жатқанын көрсету үшін Ақтөбе, Жетісай, Ұзынағаш және т.б. жерлерде түсірілген деп белгісіз адамдардың дуалға үнпарақ іліп жатқан фейк-видеоларын таратуға көшті. Өзін құдды Лениндей сезініп отырса керек. Баяғы большевиктердің тактикасына көшіп, ұяшықтар құру, үнпарақ таратуға көшті. Күзде президент сайлауында "Төңкеріс симфониясы" шарықтау шегіне жетеді деп жар салған "дирижер" енді Мәжіліс сайлауында бүліншілік ұйымдастыра аламын деп тағатсызданып отыр. Бірақ "миссиясының" орындалмайтыны анық.

Әбілязовтың ұйымы Қазақстанда экстремистік деп танылғаны, оған қатысудың салдары қандай болатыны да белгілі. Бірақ Әбілязов «жеңіске жеткен соң» бір айдан кейін ұлттық қордан қыруар ақша төлеймін деген уәдесіне өзі сияқты авантюристер болмаса, авторитарлық режимнен шаршаса да дені сау адамдардың сенбейтіні анық. Ал алдын-артын болжамай алаяқтың «жалынды» сөзіне сеніп қалған, оған тиын-тебенін аударған бірен-саран адамды Әбілязов жақсылап «подставить» етеді.

Айдары: Түтін 30.01.2023 76

Қатысты мазмұн