Жазда псевдо-оппозиционер Жанболат Мамай «Байбектің миллиардтары туралы» дейтін «сенсациялық зерттеу» жасап, хайп жасауға кіріскен. Бірақ, оның бұл әрекеті «бүйректен сирақ шығарғанадай болды. Өйткені, популист Жанболаттың «сенсациялық зерттеулері» анонимдік телеграм-каналдардан және әлеуметтік желілерден алынған болып шықты.
Байбек те қарап қалмады, хайпожор, арзан атаққұмар Жанболатты сотқа берді. Сот барысында Мамайдыңқолдында бірде-бір дәлелі жоқ екендігі белгілі болды – оның барлық бейнероликтері ұзын құлақтан естіген өсек екен. Нәтижесінде, псевдо-оппозиционер соттың екі сатысында да жеңіліп қалды.
Ұлтшылсымақ Мамай бірнеше айдан бері өзінің жеңілгенін мойындағысы келмей, сот шешімін орындаудан қашып жүр. Мамайдың бұл іс-қимылы әділдік жолындағы «күрескердің» шынайы жүзін көрсетті.
Мамай – өтірікші, өсекші
Жанболат Мамай өзін журналистпін деп көрсетеді. Өзінің «зеттеулерін» жариялайды, бірақ онда тексерілмеген, дәлелденбеген бос көп. Сотта ол өзінің жалған айыптауын құжат жүзінде еш дәлелдей алмады. Оның «зерттеуі» тек өзінің болжамына негізделген.
Ол сотта жеңілгеніне қарамастан, басқа да саясаткерлерге жала жабуды жалғастыруда. Соңғы бірнеше ай ішінде Жанболат Мамай Нұрлан Нығматулин, Қайрат Мәми, Қырымбек Көшербаев және басқалар туралы өсек сөз айтты. Ол да, әдеттегідей, ешқандай дәлел жоқ, мүлдем расталмаған қауесет. Кез келген басқа елде қоғамдық пікірді соншалықты өрескел және сонымен бірге епсіз басқаруға мүмкіндік беретін белсендімен баяғыда қол алыспайтын еді. Себебі, Мамай - біздің қоғамдағы жалған оппозиционер.
Мамай сөз бостандығын жекешелендіріп алмақшы
Жанболат Мамай сөз бостандығы мен жариялылық туралы айтқанды ұнатады. Алайда, жалған демократиялық партия жетекшісі жазбаларындағы пікірлерді үнемі тазартып отыратынын көруге болады. Яғни, «демократ» Мамай сынға сынға төзбейді, қайшы пікірді қабылдамайды. Бұған қоса бірінші сот отырысынан кейін Мамай өзінің баспасөз мәслихатында журналистерге қоқан-лоқы көрсетті, ал оның көмекшісі Абзал Достяров БАҚ қызметкерлерінің бірін ұрып-соқты. Содан Мамай баспасөз мәслихатын өткізер алдында, тосыннан қойылатын сұрақтардан қашып, өзінің ыңғайындағы журналистерді ғана арнайы бөлмеге шақырды. Демек, оның видео камерадан қашып жүретін кейбір шенеуніктерден еш айырмашылығы жоқ. Егер Мамай билікті өз қолына алса, сөз бостандығын одан бетер қиындатып жібереді. Онда демократқа тән қасиет жоқ, оның қолына билік тисе, қаныпезер диктатор болады.
Мамай өзін ғана сүйеді – «мен ғана "сүттен ақ, судан тазамын» деп ойлайды
Мамай заңның үстемдігін жиі айтады, бірақ өзі заңға бағынбайды. Бірнеше ай бойы сот шешімін орындамау үшін түрлі сылтаулар іздеген. Тіпт,і сот шығындарын оның жеке шоттарынан мәжбүрлеп айыппұл алуға тура келді.
Мамай жазадан құтылу үшін қадағалау және құқық қорғау органдарына үздіксіз хаттар мен шағымдар жаудырды. Оның Алматының экс-әкiмi тарапынан заңбұзушылықтың жоқтығы туралы ресми жауаптары бар. Бірақ, ол әлі күнге дейін сот шешімін орындаудан бас тартып отыр. Оған айыппұл салынып, уақытша жүргізуші куәлігінен айырды. Алайда ол мұның барлығы заңсыз деп отыр. Бұл шаралардың барлығы заңнамада жазылған және осындай жосықсыз, жауапкершілігі жоқ азаматтарға қатысты қолданылады. Шын мәнінде, Мамай өзін көкбет әйел сияқты және оның айналасындағылардың бәрі басындағы проблеманы басқалардан көреді, бірақ өзін ешқашан кінәлімін деп есептемейді. Популист Жанболат өзінікіні көрмей, басқалардан іздейді.
Қорқақ және жолы болмайтын бейбақ
Мамай өз ұйымының ауқымды екенін айтады, бірақ іс жүзінде одан барлығы теріс айналды. Жақтастарының санын өзі ұйымдастыратын митингілерден де байқауға болады: ары кетсе 10-15 адамнан артық жиналмайды. Мамайдың өзі де ұйымдастырған акцияларына қатыса бермейді. Мысалы, ол сот шығындарын өтеу үшін әйелдерді садақа жинауға жібергенде, өзі жақын жерде көліктің ішінде қорқаулар сияқты тығылып отырған. Сондай-ақ, жуырда жылы Алматыда отырып, елордадағы Ұлттық банктің ғимаратына әйелдерді шабуылдауға жіберді. Мамай мұндай айла-тәсілді Францияда отырып алып, жұртты отқа итеріп жіберетін Мұхтар Әбілязовтен үйреніп алған сияқты.
Мамай - ұлтын сүйетін патриот емес
Певдо-партия жетекшісі Мамай ұлттық мүдде, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы көп айтады, бірақ өзі шетелдік демеушілермен жасырын жұмыс істейді. Жақсы өмір сүреді, алайда салық төлемейді. Алматының беделді ауданында жеке коттеджі бар. Бірінші сыныпта оқитын қызын TAMOS Education элиталық жеке мектебіне береді, онда бір жылдық оқу құны 1,4 миллион теңгеден 4,4 миллион теңгеге дейін. Мұндай шығындарды жұмыссыз белсендінің қалтасы қалай көтеретіндігі таң қалдырады. Мамайды ұлтшыл-патриот деп атауға бола ма? Жоқ. Себебі ыңғайы келсе өз Отанын сатып кетуден тайынбайды. Айтпақшы, қазір популист әрі хайпожор Мамай өзін биліктің құрбаны ретінде көрсетуге тырысуда. Ол осы арқылы саналы түрде ұтылатын күрескердің позициясын таңдағанын әлі түсінбейді: ешкім жеңілгеннің жағында болғысы келмейді. Осылайша, ол демократия үшін күрескердің бейнесін түбегейлі бұзуы мүмкін, оған билік өкілдерінің арасынан жеке тұлғаларды тыңғылықты түрде құруға көмектесті.
«S»