Мамайда кішіге ізет, үлкенге құрмет жоқ

none

Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Осы қанатты сөзде философиялық терең ой жатыр. Дана халқымыз алдыңғы буынды қашанда құрмет тұтқан. Мұндағы басты мақсат сол – ұрпақ сабақтастығын сақтап, кейінгіге тәрбие дарыту. Жалпы Ұлы дала көшпенділері басқалардан өзіндік айырықша қасиеті бар өркениетімен ерекшеленеді. Оны ішкі дүниемен терең түсіну бүгінгі таңда әрбірдің қолынан келе бермейді. Қазір ауыз өзімдікі екен деп кез келген нәрсені сапыра беретін надан адамдар толастап кеткені анық.

Түсіну былай тұрсын, қазір кейбір оқымыстысымақ Жанболат Мамай сияқты белсенділер халық арасына іріткі салып, қазыналы қарияларға «ауыз сала» бастады. Мәселен, «кіршіксіз» Мамай ел мен жұртқа еңбегі сіңген ел ағаларына, ақсақалдарға жала жауып, ашықтан-ашық шабуыл жасап, идеологиялық қауіпті бағытты қолға алды. Қауіпті дейтінім, ақсақалдарға, әкелерге және аналарға құрмет көрсетілмейтін қоғам, құлдырауға жақын екені бәрімізге белгілі. Осыны алдыңғы буын жақсы түсінді, ал қазіргі ұрпақ ше?

Жанболат Мамай соңғы уақытта осы позицияны жақсы ұстанатын болыпты. Навальныйға еліктеп, әлеуметтік желі «зерттеулері» қаптап кетті. Не нақты фактісі, не дәлелі жоқ. «Ұзынқұлақтан» жеткен өсектің айналасындағы әңгімені «журналистік зерттеу» деп сүйіншілеп жүр. Өзінің осы тірлігінде ол Қайрат Мәмиді, Бердібек Сапарбаевты, Нұрлан Нығматуллинді, Иманғали Тасмағамбетовты, Қырымбек Көшербаевты ел алдында дәлелсіз қаралауда.

Жанболаттың осындай іс-әрекетінің себебі не деген сұрақтың жауабы біреу-ақ. Ол – тексіздік деген байлам жасауға тура келеді. Қазақ қашанда әкенің бала тәрбиелеудегі рөлін жақсы білген. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды», – деген дана халқымыз әкенің отбасындағы ерекше орнын айқындаған. Ал енді Жанболатқа келсек, ел ағаларына жасап жүрген істерінен-ақ оның әке тәрбиесін көрмеген, қадір-қасиетінен жұрдай екені көрініп тұр.

Тіпті Жанболаттың аға буынға бір ашу-ызасы, жүректің түбінде қалып қойған реніші бар секілді. Мүмкін бала кезінен әкесіз өскендіктен болар. Иә, білемін, әке тәрбиесін көру бақытын барлығына бірдей бұйыртпаған шығар. Десек те, «патриотпын» деген адамға «үлкенге құрмет» деген түйсік жаңсақ болмауы керек қой?!

Кезінде Жанболат тағы Бауыржан Байбектің балағына жабысты. Жала жауып, өтірік айып таққаны былай тұрсын, Бауыржанның әкесіне де тиіскені бар. «Бауыржан үлкен кісі класстасының баласы» деп қайталай беріп, непотизм мен кронизмге ишара білдіргені қалай? Осы жерде бір маңызды нәрсе бар, халайық! Қай заманда болмасын жұмысты бабымен атқара алмайтын, қолынан түк шықпас туыс, жора-жолдастар алысқа бармайды. Байбектің іскерлігі көрініп-ақ тұр. Осыдан кейін мен өз басым Байбек «класстасының баласы» болған соң ғана биік белестерді бағындырды дегенге сенбеймін. Байбектің бүгінгі беделі мен мәнсабына өз еңбегімен келген дер едім.

Кез-келген әке баласының тәрбиесі үшін жауапты болады. Әке баласының абыройын ойласа, онда оның іс-әрекеті үшін жауапкершілік алады. Өзінің әкелік борышын орындайтын әке осындай болуы тиіс. Ал, Жанболаттың Бауыржан Байбектің ата-анасына тиісіп, тіл тигізуі сол жаңағы үлкендерді жек көру әдетінің бір көрінісі. Үлкендерге құрмет көрсете алмауы оның психологиялық жарақаты екеніне күмән жоқ.

Осы әлеуметтік желілерде талай жазылып жүр. Жанболаттың әкесі кезінде бала тәрбиелеуден және асарудан бас тартқаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылған екен. Яғни жастайынан әке тәрбиесін көрмеген. Ал шешесіне не дейсің? Ол да нәпақасын тауып, баласын асыраймын деп жүріп бала тәрбиесіне жұмыстан қолы босамаған болса керек.

Міне, әке қадірін түсінбейтін адам, осындай безбүйрек әрі тексіз болып өседі. Содан кейін өзінің ашу-ызасын жан-жағына шашады. Ал түпкі мақсаты – қалтасына тиын-тебен түсіп отыруы үшін әлдебіреулердің тапсырмасын орындап, судай ағылған айғақсыз айыптауларымен ел ағаларының, ақсақалдардың беделін түсіру! Яғни, арам һәм арсыз жолмен қарын тойдыру. Басқа түк те емес.

Берік Мыңжасар

Айдары: Дүрбі 06.10.2021 602

Қатысты мазмұн