Храпунов жеке меншікке шығарған ғимарат мемлекетке қайтарылды

none

Алматы прокуратурасы бұрынғы әкім Виктор Храпунов заңсыз жолмен жеке меншікке айналдырып, жеке тұлғаларға иелікке берген жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарды.

Ресми мәлімет бойынша, биыл 15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашада мүліктік жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Сотта Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ауданы 3800 метр шаршы және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды.

Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Айдары: Дүрбі 18.03.2024 39

Қатысты мазмұн