АҚШ-тың «Азаттық радиосы» мен Қазақстанның СІМ соттасады

none

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті қаржыландыратын «Азаттық радиосы» Қазақстан сыртқы істер министрлігін сотқа беріпті. Сот 19 наурызда басталады. Себеп Сыртқы істер министрлігі «Азаттықтың» 36 журналисіне Қазақстанда жұмыс істеуге 2024 жылға аккредитация бермеген немесе аккредитациясы барларға аккредитация мерзімін ұзартпаған.

2023 жылдың қазан айында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімді бекіткен. Келісім шартына сәйкес, министрлік жауап беруі тиіс болатын. 2024 жылы 3 қаңтарда Қазақстан СІМ «Азаттық» тілшілеріне аккредитация бермейтінін хабарлады. Осыдан кейін «Азат Еуропа/Азаттық радиосының» - Қазақстан өкілдігі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына арыз түсірген. Сот 19 наурызда басталады.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде ҚР Қаржы министрлігі 240 ұйым мен жеке тұлғаны «шетел агенті» деп жариялап арнайы реестр жасаған. Реестр тізімінде «Интерньюс», «Рейтер» секілді шетел ақпарат құралдары болғанымен, «Азаттық радиосы» жоқ. Дегенмен «Азаттыққа» қызмет істейтін бір-екі журналист «шетел агенті» тізімінде бар. Олар шетелде тіркелген «Азаттықтан» арнайы жоба арқылы қаржы алып отырған сияқты. АҚШ бюджетінен қаржыландырылатын «Азаттық радиосы» осылайша құйтырқы схеманы пайдаланып Қазақстанның ақпарат кеңістігінде жұмыс істеп жатыр. ҚР Қаржы министрі кімнің қайдан қаржыландырылатыны бойынша ғана «шетел агентін» анықтағанмен, сырттан келетін ақпараттық идеологиялық мақсатты экспансияны сүзгіден өткізіп, тосқауыл қоюға қауқарсыз. Сондықтан үкімет мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Сыртық істер министрлігі арқылы жүзеге асыруды көздеген сияқты. «Азаттықты» қаржыландыратын АҚШ Мемлекеттік департаменті ҚР СІМ секілді сыртқы саясатпен шұғылданатын орган, яғни «Азаттық» АҚШ-тың сыртқы саясатының құралына айналды. Ал ҚР СІМ шетелде жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландырмайды. Екі елдің сыртқы саясат ведомоствосы арасындағы осы өзгешелік қайшылыққа ұласып тұр.

АҚШ та мемлекет қауіпсіздігі үшін «шетел агенті» туралы заң қабылдаған. Ал Қазақстан мұндай заңды қабылдауға әлі дайын емес, «шетел агенті» реестірін жасаумен ғана шектелді. Ал Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді әзірге осындай жартыкеш шарамен тоқтатуға мәжбүр. Мұндай дау сот арқылы шешіледі. Сот «Азаттықтың» аккредитация мәселесі бойынша қандай шешім шығаратынын алдағы уақытта көреміз.

«S»

Айдары: Дүрбі 16.03.2024 61

Қатысты мазмұн