Динара Егеубаева депрессияға ұшырады

none

Оншақты жыл шетелде тұрып, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы қарсаңында Қазақстанға оралып белсенді әрекетке көшкен журналист Динара Егеубаева ақапарат алаңында көрінбей кетті. Оның қоғамдық өмірден неге шеттеп қалғаны билік те, оппозицияшыл қауым да түсінбейді. Осы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін біршама зерттеу жүргіздік.

Динара Егеубаеваны Қаңтар оқиғасы қарсаңында Қазақстанда белсенді әрекетке көшуіне бағыттаған саяси реванш алғысы келген «Ескі Қазақстанның» өкілдері екені бұған дейін жазылған. Динара Егеубаева да солардың айтқанын істеді, айтақтауымен жүрді, ол журналистік бейтараптықты былай ысырып қойып, Тоқаев режимінің бітіспес оппонентіне айналған. Осы бір саяси ойын кезінде «Ескі Қазақстанның» өкілдері елдегі бірнеше журналистке қарсы арандату ұйымдастырған. Бірнеше редакцияның офисінің есігі шағылды, қоқан-лоқы жасап, малдың мүшелері салынған «сәлемдеме» журналистерге жолданды. Белгісіз біреулер Динара Егеубаеваның машинасын өртеді, оның ұлы Адидің шекесіне тапанша тақап қорқытып кеткен. Кейін бұл арандатуды жасаған «Ескі Қазақстанның» өкілдері екені әшкере болды. Бұл саяси тапсырманы орындап жүрген өз адамының, яғни Д.Егеубаеваның өмірін әдейі оққа байлау болатын. Динара Егеубава да «екі түйе сүйкенгенде арасында өлетін шыбынның» кері келгенін түсінген. «Әділеттің ақ туын көтерген» белсенді журналист ұлының да өмірін бәйгеге тіккендей күй кешті. Осы жағдайдан кейін өзін саяси тапсырыс берушілердің сатып кеткенін толық түйсінген Динара қатты торыққан сияқты.

Қазір Динара Егеубаева ешкіммен араласпайды, «депрессияда жүр» деп айтуға болады. Ол жеке пәтерде төбет иті екеуі бірге тұрады. Ал Д.Егеубаеваның ұлы Ади Рамунасович Жилакаускас та Алматыда, бірақ ол әжесімен, яғни Динараның шешесімен бірге өмір сүріп жатыр. Динара ол үйге бас сұқпайды, олардың үйіне келгенін қаламайды.

Литваның азаматы Ади шешесімен бірге болу үшін Вильнюстен Алматыға баяғыда келген, бірақ Динара ұлын қасына жақындатқысы келмейді. Жалғызбасты әйел Динара Егеубаева өзінің бұрынғы күйеуі Рамунас Жилакаускаспен де қарым-қатынасты үзген. Р. Жилакаускастың Вильнюсте «12 стульев» атты кафесі бар, табысты бизнес жасап жүр. Солай болса да Д.Егеубаева мен оның ұлы Ади Литваға барып Рамунаспен бірге тұрғысы жоқ. Осы бір отбасылық проблема да Д.Егеубаеваның көңіліндегі кірбіңді қоюлата түсті.

Динара Егеубаеваның Алматыда шешесі мен ұлынан басқа жақын туыстары - інісі мен келіні бар. Айдар Егеубаев 2021 жылдан бастап «Транспаренси Казахстан» қоғамдың қорының құрылтайшылары қатарына кірген. Бұған дейін ол және оның әйелі Алина Егеубаева «Almex» холдинг тобының» тізімінде Тимур Құлыбаев және Динара Назарбаевамен қатар тұрған. Дариға Назарбаеваның «адамы» саналып келген Динара Егеубаева қазір інісі Айдармен де, келіні Алинамен де қатынасын үзіп, бұйығы өмір сүруде. Оларды Динара Егеубаева өзін саяси авантюраға итермелеген адамдар қатарына жатқызатын секілді.

Айдары: Дүрбі 30.03.2024 62

Қатысты мазмұн