Мамай халықшыл емес

none

"Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекпен соттасып жеңіліп қалған Жанболат Мамай мен Инга Иманбай өздеріне салынған айыпты халықтан жылу жинау арқылы өтемекші. Олар 2 мың долларға жуық ақшаны жинау акциясын бастап та кетті.

Мамайдың бұл ісі спектакль мен саяси драма формасындағы акция. Бұл өзінің оппозициялық саяси ойынына жөндем тақырып, көтеретін келелі мәселе таппай далбасалап қалған қоғам белсендісіндей көрініп тұр. Екіншіден, Мамай да халыққа ауыртпалық салғанды ұнатады екен, халықтың арқасында күн көргенді, ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүргенді жақсы көреді. Әйтпесе, сот шешімінде көрсетілген айыппұлды төлей алмайтындай, халықтан қайыршылар құсап жылу жинайтындай Мамай сіңірі шыққан тақыр кедей емес. Оны айтпағанның өзінде Мамай биліктің жобасы екені анық, яғни «оппозицияның рөлін ойнашы» деп оның қалтасына биліктен ақша құйылып жатыр. Дәлірек айтсақ, оның партиясын қаржыландырып отырған - ірі лауазымды қызметтен өзі кетсе де көзі кетпеген адам. Ол Мамай секілділердің мыңшақтысын қаржыландыра алады. Мамай мен оның әйеліне салынған айыппұл сомасына әлгі «спонсор» бір мәрте шай ішіп тауыса салады. Мамай ақшаны содан алып айыппұлды неге төлей салмайды?! Сонда «құда да, құдағи да тыныш болушы» еді.

Мамай мен оның әйелі Инга осы акция арқылы өздерінің әділетшіл екенін көрсетпекші. Ақиқатында, олар бұған дейін талай медиа жоба басқарып, сол жұмысқа журналистерді тартты да, олардың жалақысын төлемей кеткен. Біреудің ақысын жеп кетуді олар әлі жалғастырып келеді. Соның кесірінен демпартияның жұмысын жандандыруға жегілген талай белсенді Мамаймен ат құйрығын кесіп, «енді көрмегенім Мамай мен Инга болсын» деп кетіп қалды. Олардың айтуынша, Жанболат та, Инга да ақшаға келгенде тарылып шыға келеді. Ерлі-зайыпты екеу «Еліміздің болашағы үшін, халық үшін жұмыс істейік» деген уағыз айтып, аңқау адамдарды жұмысқа алдап жегіп қоюға шебер.

Бүгін Инга да, Жанболат та жылу жинау акциясына шыққан жоқ. Белсенді үш қыз бен Достияровты алдыға салып дау-дамайға салып қойды да екеуі сырттап қалыс қалды. Бірақ, ерлі-зайыпты екеу жақтастарына жалақы беретін күн таянғанда ақша жырымдап белсенділердің итін шығарады екен. Олардың қасында адам тұрақтамайтыны сондықтан» дейді экс-мамайшыл.

Ерлі-зайыпты екеудің мұнысы тіпті қызық. Демпартия жұмысын жандандыруға қаржы бөлетін спонсор да Мамайды қадағаламай ма, әлде қадағалағысы келмей ме, оған да мамайшыл белсенді қыз-жігіттердің тағдыры, күнкөріс мәселесі бәрібір секілді. Ақиқатында, мамайшыл белсенділер де халықтың бір бөлшегі ғой. Мамайдың халықшыл емес екені осыдан да көрінеді.

Тұрарбек Құсайынұлы

(жазба автордың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Айдары: Түтін 25.08.2021 181

Қатысты мазмұн