Қаңтар оқиғасы кезінде қанша адам қаза тапты

none

Қанды қаңтар кезінде 238 адам қаза тапты. Оның ішінде 6 адам азаптаудан кейін өлген. Азаптау әрекеті бойынша 15 адам күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті.

Күдіктілердің ішінде 9 адам қамауға алынды. Сегіз адам - ​​ҰҚК қызметкері және бір полицей. Олардың арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ, тек ҰҚК мен полиция қызметкерлері бар екені нақтыланды.

Сондай-ақ, Әсет Шындалиев қаңтар кезінде қаза болғандардың толық тізімін жариялау үшін әр құрбанның қандай жағдайда өлгені анықталып бітуі керектігін ескертті.

«Біз ол күдіктілердің бәрі кінәлі деп қазір айта алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр. Қайтыс болғандардың саны белгілі. Бірақ тергеу шаралары жүріп жатыр. Адам қай жерде, қандай жағдайда өлгенін анықтау қажет», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Айдары: Дүрбі 29.06.2022 167

Қатысты мазмұн