Қайрат Құдайберген ұсталды

none

Алматы мәслихатының депутаты, блогер Қайрат Құдайберген ұсталып, уақытша қамау изоляторына отырғызылды. Бұл ақпаратты 21 сәуірде таңертең бірінші болып журналист Михаил Козачков Телеграм-арнасында хабарлады. Кейін ақпаратты Алматы прокуратурасы растады.

38 жастағы депутатқа "Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу" бабы (272-бап, 1,2-бөлігі) бойынша айып тағылған.

Құдайбергеннің ұсталғанын туыстары Tengrinews агенттігіне растаған.

"Алдын ала тергеу мәліметінше, Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен ("Дикий Арман" бірге "Қазақстан" қонақүйінде адам жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевпен бірігуге, оны қолдауға және билікке бірдей талаптар ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан бөліп, олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.

Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан", - деді Алматы қаласының прокуратурасы.

Прокуратура Құдайберген - Жұмагелдиев ұйымдастырған акция заңғы қарсы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласқанын атап өтті.

Айдары: Түтін 22.04.2022 142

Қатысты мазмұн