Инга Иманбай «Жас Алаштан» қуылды

none

«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Инга Иманбай қызметінен кетті. Бұл жөнінде ол өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Инга Иманбай «тоқсан жылдық тарихы бар» газетте бір жарым ай ғана қызмет атқарды. Бұл оқиға газет қызметкерлерінің басына жай түскендей әсер етті.

Инга Иманбайдың қызметінен қуылуына оның күйеуі Жанболат Мамайдың «Жас Алашқа» емініп, басылым саясатына араласып, билеп-төстеп кетуі» себеп болған. Ерлі-зайыпты екеудің әрекеті «Жас Алаштың» қожайыны Салтанат Атушеваға (Алтынбек Сәрсенбаевтың жесірі) ұнамаған.

Инга Иманбайдың «Жас Алаштан» қуылуы газеттің сатылмағанынан немесе сатылуы процесі кезінде бір түйткілдің болғанынан хабар береді.

Оқырманның есінде болса, 2020 жыл 8 қаңтарында «Жас Алашқа» бас редактор болып келген Инга Иманбай редакциядағы жағдайды ушықтырып жіберген. Соның кесірінен журналистердің бәрі бұрынғы бас редактор Руслан Ерботамен бірге кетіп қалды. Олардың бәрі қазір «Мәлім.кз» атты сайт құрып алып, сонда тізе қосып жұмыс істеп жатыр.

Ал ерлі-зайыпты Жанболат Мамай мен Инга Иманбай көп жылдан бері оппозицияның «сұр кардиналы» Төлеген Жүкеев «қамқорлығында». Жүкеевтің марқұм Алтынбек Сәрсенбаевпен тығыз байланыста болғаны белгілі. Күйеуі қайтыс болған соң Салтанат Атушева да саяси мәселеде көбіне Төлеген Жүкеевтің ақыл-кеңесіне жүгінді. Рысбек Сәрсенбаевты «Жас Алаштан» кетіру оқиғасында үнемі тасада жүретін Т.Жүкеевтің де өзіндік рөлі болды. Қазір Жүкеев «Мамайдың партия құру жобасын жүзеге асыруға барлық күшін салып жатыр. Құрылғалы жатқан жаңа партияға алыс ауылдарда насихат жүргізетін ақпараттық ресурс ауадай қажет. Сол үшін Жүкеев Сәрсенбаевтар әулетіне сіңірген еңбегін бұлдап, «Жас Алашты» «Мамай» жобасына жекпекші болған. Дегенмен, оның бұл жоспары тағы да жүзеге аспай қалайын деп тұр.

Берік Мыңжасар

Айдары: Түтін 24.02.2020 758

Қатысты мазмұн