Инга Иманбай қазақтан шыққан Тихановская ма?

none

Тіркелмеген Демпартияның жетекшісі Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай шығыс Еуропа елдерінің үкіметтік емес ұйымдарынан тұратын халықаралық бақылаушылар тобымен кездесіпті. «Оларға сайлау науқаны жайында, ондағы заңбұзушылықтар туралы, Жанболат Мамайдың ісі жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат бердім» дейді Инга Иманбай. Айтуынша, осы суреттегі ат төбеліндей топ «егер парламент сайлауында да жаппай заңбұзушылықтар болып, тәуелсіз үміткерлердің даусы ұрланса, бұл Тоқаевтың реформа жасаймын деген уәдесін күл талқан» етеді-мыс. Бұл Инга Иманбайдың былайғы жұртқа көз қылып айта салған сөзі ғой.

Ақиқатында, Еуропадан келген бұл белсенділер де «ТМД аумағында демократия орнатамыз» деп аңқау батыстың қорларынан грант алып отырған ұйым басшылары. Олар өздеріне мол қаржы бөлген қорлардың есебінен «Демократиялық партия» деген атауды жабыстырып алған «Мамай» жобасына аз-маз еуро беріп қояды. Бұл топ «Мамай» жобасынан сол қаржының есебін алуға келген сияқты. Әрине, ондай құпия әңгімені Инга Иманбай жұрттан жасырып қалды.

«Мамай» жобасын қаржыландыратын негізгі көз - Қазақстан билігі. «Қазақстанда демократиялық процесс жүріп жатыр» дегенді көрсету үшін о баста «Мамай» жобасын құрып қойған. Қазір «демпартияшыл» кандидаттар - Инга Иманбай мен Абзал Достияров тек Назарбаевқа сын садағын қадап жатыр. Ақитатында Назарбаев режимінің күні өтіп кетті ғой. Ал «мамайшылардың» қылығы диірменмен соғысқан әпенді Дон Кихот секілді күлкілі. Олар бұл сайлауда жеңбейтінін де жақсы түсінеді, сайлаудан кейін тағы да өздерінің әдеттегі «оппозицияшыл» күйбең тірлігін жалғастыра береді. Өйткені, қазіргі биліктегі саяси жобаның авторлары тарапынан «мамайшыларға» сондай тапсырма берілген. Билік алдында міндеттеме алған «Мамай» жобасы сол сценарийден ауытқымайды.

Әрине, қазір билік «Мамай» жобасының аясында Беларустегі жағдайға ұқсатып, халықтың сеніміне кіретін тактикалық әдіс ойластырып жатыр. Жоба авторларының айтуымен Жанболат Мамайды үйқамақта ұстап отыр, одан Сергей Тихановский жасамақшы. Ол Инга Иманбайдан қазақтың Светлана Тихановскаясын сомдамақшы.

Қазақстандағы саяси технологтардың ісі біртүрлі, өздері тың жоба ойлап табуды білмейді, көрші елдерден көргенін істейді. Бұл тіпті күлкілі ғой. «Инга Иманбай – қазақтан шыққан Тихановская» десе, Орталық Азиядағы жағдайды түсінбейтін аңқау еуропалықтар сеніп қалатын шығар, бірақ көзі қарақты қазақстандықтар «Мамай» жобасының өтірік демократия ойнап жіргенін біліп отыр емес пе...

Oraz Alimbekov,

Faceboоk парақшасынан алынды

Айдары: Түтін 16.03.2023 98

Қатысты мазмұн