Хат жаздым қалам алып Малик Ораков құрдасқа

none

Мүфтият «Жаңа Қазақстанды» конституциялық дағдарысқа тығатын болды ғой...

Құрметті Малик. Өмірге бейжай қарай бастаған біздің жасымыздағы жігітке көнекөз данышпан ақсақал «Мастығың болмаса, жастығың жоқ, желпілдеп жүрдің-күлдің, енді ел үшін қызмет ет» деп ұялтушы еді. Осылай сындап жігерлендіріп қоюшы еді. Мотор шұқылап оңдағаның дұрыс шаруа ғой. Президент Тоқаевтың жарлығында айтылғандай, сенің де кәсібің қарапайым жұмысшы мамандығы санатына жатады. Экономиканың қозғаушы тетігінің бірі саналатын моторист бүгін де керек, ертең де керек,.. Бірақ үкімет келешекті қамдап жатпаған сияқты. Алматының сен секілді қарапайым тұрғыны, қоғам белсендісі Әсел Таухан «Нұр-Мүбарак» ислам университетіне миллиардтап бюджет қаржысын бөліп отырған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді. Оның талабы – заңсыз жұмсалған қаржыны бюджет қоржынына түгел қайтару. Бұл қаржыға үкімет молда емес, жұмысшы мамандарды дайындасын...

Малик, сен «Ақтөбе облыстық білім басқармасын» сотқа бер. Оқу-ағарту министрлігіне қарайтын аймақтық басқарма «Ақтөбе колледж медресесі» деп аталатын мүфтияттың діни оқу ордасын қаржыландарып отыр.

text

text

text

Бұл заңсыздық аздай, айдаладағы «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» мыңдаған шақырым алыста орналасқан «Нұр-Мүбарак» діни универсиететіне жыл сайын миллиондаған қаржы бөлген сорақы фактіні бүгін таптым – 2025 жылға 23 млн 651 мың 712 теңгеге мемлекеттік тапсырыс беріпті, 2024 жылы – 26 млн 342 мың 748 теңге,.. Бұл – факт. «Алланың бір есімі – Ақиқат». «Шындықтан ешкім қашып құтылай алмайды!».

text

text

Осы мұғалімдер «мектеп тар, екі-үш ауысымда оқытамыз, еңбек жүктемеміз ауыр – бір сыныпта 35-40 бала, кәйтіп сапалы білім береміз, жалақымыз мардымсыз» деп жылайды. Ақтөбеліктер де жетісіп жүрмегені белгілі. Олай болса, «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» ақтөбелік мұғалімдерді жарытпай жатып неге мүфтиятқа молда дайындайтын «Нұр-Мүбарак» ислам университеті мен «Ақтөбе колледж медресесіне» миллондап білім грантын береді?! Дін мемлекеттен бөлек екенін, Қазақстан құқықтық-зайырлы ел екенін, заңның алдында нәсіліне, дініне қарамай бәрі тең екенін үкімет ұмытты ма?!..

Қысқасы, Малик дос, сен «Ақтөбе облыстық білім басқармасын» сотқа беріп, ислами оқу орындарына заңсыз бөлінген бюджеттің қаржысын түгел кері қайтарт. «Қайтқан малда қайыр бар» деген ғой атам қазақ. Сені ақтөбелік мұғалімдер, қоғам жанашырлары, тіпті заңның орындалуын қадағалайтын прокуратура қолдайды деп сенем.

Іске сәт, Малик бауырым.

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Бюджеттен заңсыз бөлінген қаржының құйтырқы схемасы кәйтіп ашылмақ?!.

Ораз Әлімбеков

Айдары: Бақ-бақ 21.02.2025 52

Қатысты мазмұн