Хасен Қожа-Ахмет Қазақстан президенттігіне сайлауға түсуге ниетті

none

Қоғам қайраткері Хасен Қожа-Ахмет Қазақстан президенттігіне үміткер болғысы келетінін мәлімдеді, деп жазады ҚазТАГ.

«Азат» және «Қазақ елі» коалициясының төрағасы Қожа-Ахмет Хасен Кәрімжанұлы (Теміржолды Қожа-Түрік) 2022 жылы қарашада өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін мәлімдеді», - деп хабарланды Арон Атабектің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Хасен Қожа-Ахмет 1970-1990 жылдары саяси қызметі және Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы күресі үшін үш рет бас бостандығынан айырылды.

2011 жылдан бастап ол өзінің Бағдарламасын Қазақстан халқына таратып келеді. Алдағы сайлауға байланысты ол өз Бағдарламасына мынадай толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, ол қаңтар қырғынын кім және не үшін ұйымдастырғанын халыққа жеткізуге дайын екенін, осы қайғылы оқиғаға байланысты тұтқындалып, сотталғандар босатылып, толық ақталуы керек екенін, өз пікірін білдіргені үшін сотталған азаматтар (митингтерде, бұқаралық ақпарат құралдарында т.б.) дереу ақталып, мемлекеттен моральдық зиянның орнын толтыру керек екенін мәлімдеді. 2006 жылы Шаңырақ оқиғасы бойынша Арон Атабек, Ерқанат Тараншиев, Құрманғазы Өтегенов және Рүстем Тұяқовтар жазықсыз сотталды, сондықтан оларды қалпына келтіру керек, деп жазады. Билік басындағы кланның заңсыздығын тоқтату үшін елдегі барлық ірі кәсіпорындарды ұлттандырып, халыққа ол сонау 1973 жылы ұсынғандай тек шағын жеке кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беру керек. Н.Назарбаевтың руының мүшелері тартып алған жерлер дереу жергілікті халыққа қайтарылуы керек, деп мәлімдеді.

Өзін қазақ ұлтшылы деп көрсететін Хасен Қожа-Ахмет қазіргі демократиялық оппозиция мен ұлтшыл патриоттарды биліктің жобасы деп санайды. Саяси сахнада ешкімге қосылмай, өз бетінше әрекет етуімен белгілі. Сол себептен оны қолдайтын электорат та шектеулі.

Еске салайық, Қ. Тоқаев президенттікке екінші мерзімге өз кандидатурасын ұсыну ниетін растады. Сонымен қатар, парламент пен мәслихат сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген.

Тоқаевтың айтуынша, 2023 жылдың ортасына қарай барлық саяси институттар қайта іске қосылып, жаңартылып, әділетті Қазақстанның құрылысы енді ғана басталып жатыр және саботажға жол берілмейді.

2 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары сайлауға дейін жеті жылдық президенттік билікті енгізуді және Астана атауын қайтаруды ұсынды.

12 қыркүйекте Тоқаев Конституциялық Кеңестен президенттік мерзімі туралы бастамаларды тексеруді сұрады, кеңес бұл бастамаларды заңды деп санады. Қыркүйектің 13-і күні президент әкімшілігі Қазақстан президенті әкімшілігінде президенттік мерзімге енгізілген түзетулерге қатысты түсініктеме берді. Кезектен тыс президент сайлауын 20 қарашаға белгіленді.

Айдары: Дүрбі 26.09.2022 82

Қатысты мазмұн