Димаш Әлжанов кімнің мүддесін күйттеп жүр?

none

Қазақстан мемлекеттік егемендікті күтпеген жерден алды деген пікірді ұстанатын саясаттанушы Димаш Әлжанов шынымен де еліміздде хаос емес, демократия орнатуға мүдделі ме? Оның айтқан пікірлері мен істеген істері соған сәйкесе ме? Мұны сәл де болса анықтау үшін ол туралы жиналған ақпаратты қарастырайық. 2018 жылғы 21 шілдеде Facebook қазақстандық сегментінде «ІІМ реформасын талап етеміз» тобы құрылды. Оның ұйымдастырушылары сипаттамада былай деп жазған: «Денис Теннің қайғылы қазасы Қазақстанның құқық қорғау жүйесі жағдайының көрсеткіші болды. Қазақстандық жаңалықтар легі қылмыс өзінің жазасыздығын сезінеді деген түсінікті растайды» - деп жазады qazpolit.org.

Топ әкімшілігі саясаткерлердің іс-әрекеттерінің ісі сұйылып кететініне, азаматтарды және өзін қорғай алмауына төзу мүмкін емес деп мәлімдеді. Сондықтан «адамдардың қайғысынан бизнес жасап отырған жүйені бұзу үшін бірігу туралы шешім жасалды». «Қой терісін жамылған погон таққандар, біліксіз басшылар, пара беріп жұмыс істеп жатқандар, жемқорлар, құқық қорғау органдары ресурстарын жеке мақсаттарына пайдаланатындар – полициядан кетіңдер. Алайда ІІМ басшылығын ауыстыру туралы талабымыз тиімсіз болып отырғандықтан, бұл қадамымыз жеткіліксіз. Бізге санынан гөрі сапасы бар, кәсіби полиция керек», — делінген сипатамада 2019 жылдың ақпанында CABAR.asia ресурсында мақала жарияланды, онда автор — саясаттанушы Димаш Әлжанов — «Требуем реформу МВД» тобының құрылу тарихын, құқық қорғау органдарын реформалау механизмін және бұл мәселедегі грузин тәжірибесін баяндаған. Айта кетерлігі, Әлжанов сол кездің өзінде мақала авторы ғана емес, «Оян, Қазақстан» қозғалысының мүшесі деп те таныстырылған.

Алайда «Оян, Қазақстан» ресми түрде 2019 жылдың маусымында ғана жарияланған. Сол кезде азаматтық белсенділер осы аттас декларацияны таныстырған.

Таныстырылымда спикерлердің бірі — Димаш Әлжанов — былай деп мәлімдеді: «Ұлттық диалог құру маңызды. Елімізде түрлі күш бар. Конституцияға өзгеріс енгізу үшін комиссия құру керек. Күшті демократиялық институттар — ел дамуының кепілі. Жаңа саяси жүйе мұның бәріне жауап болады».

Журналист әрі белсенді Әсем Жәпішева «бұл кезеңде» қозғалысты тіркеу жоспарланып отырмағанын хабарлады.

Жаңа қозғалыс өкілдері өздері жасаған декларациясын таныстырлы, ол былай аяқталады: «Біз – қазақстандықтар, еркін адамдармыз, өз болашағымызды өзіміз анықтаймыз. Біз елімізді жақсы көреміз, өмірімізді жақсартуға біліміміз бар, әлеуетіміз зор. Бүгінде, билік Конституциямен санаспайтын, адам құқықтары мен еркіндігіне қол сұғатын, жемқорлық пен өтірік саясатты алмастырған уақытта біз ел болашағын өз қолымызға алуға дайынбыз. Біз бақыланатын сайлауды және оның нәтижесін мойындамаймыз. Мұндай сайлау заңды бола алмайды».

Сонымен қатар, онда қазақстандықтар «демократиялық, зиялы, елдегі басты құндылықтар адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндігі болатын құқықтық және әлеуметтік мемлекетте өмір сүруі керегі» айтылған.

Қозғалыс қатысушылары Қазақстандағы саяси реформа негіз болуы керек деген бірқатар ұстанымды атап берді:

Декларация Декларация авторлары «тарихи сәт, ақиқат пен ояну сәті, еркін азаматтар жоғалған құқықтары мен бостандығын қайтаруы керек, мемлекет өмірдің барлық саласында тұрақты даму жолына түсуі керек» дейді. Мәтін мынадай сөздермен қорытындыланған: «Біз демократиялық, тәуелсіз және еркін елде өмір сүруіміз керек! Оян!».

Жаңа қозғалысқа қатысушылар әр уақытта «Сорос Қазақстан» қорымен байланысы болғаны бірден анықталды. Мысалы, Әсем Жәпішева 2019 жылы БАҚ тұрақтылығы бойынша тренингке қатысуға қордан 611 мың теңге көлемінде грант алған.

2008 жылы Димаш Әлжанов «Политон» тәуелсіз ақпараттық агенттігінің және пікірталас клубының қызметкері болғаны белгілі.

«Тәуелсіз ақпарат агенттігі» Алматыда 1998 жылы тіркелген. Басшы ретінде Дуванов Сергей Владимирович көрсетілген. Компания деректерді орналастыру және өңдеу бойынша қызметтерді ұсынумен айналысады. Ашылғанына ұзақ мерзім өткеніне қарамастан, бұл кәсіпорынның салықтары туралы ақпарат тек 2019 жылға (1,3 млн тг) және 2020 жылға (2,1 млн тг) дейін бар. 2009 жылы Әлжанов Ұлттық демократиялық халықаралық қатынастар институтының (NDI) саяси жобасының үйлестірушісі болып жұмыс істеді.

Мадлен Олбрайт 2014 жылы Украинадағы мерзімінен бұрын президент сайлауына бақылаушылар делегациясында болған кезеңде ЕҚЫҰ-ның бақылау миссиясының қатысушысы ретінде Димаш Әлжанов та қатысқан.

Кейіннен Әлжанов «Сорос-Қазақстан» Қоры ұйымдастырған және жастардың саясаттағы рөліне қатысты іс-шараларға жүйелі түрде қатысты.

Қазіргі уақытта Әлжанов LPRC құқықтық саясатты зерттеу орталығының қызметкері екені белгілі. Бұл ұйымның ресми сайтында былай делінген: «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы – қазақстандық заңгерлер тобы 2008 жылдың сәуір айында құрған бейсаяси, тәуелсіз зерттеу институты. Орталық Алматыда (Қазақстан) орналасқан және Орталық Азия өңірінде жұмыс істейді. Орталық құқықтық саясат саласында ғылыми-зерттеу, баспа және білім беру қызметін жүзеге асыру арқылы Құқық үстемдігі мен либералдық құндылықтар қағидатын ілгерілетуге бағытталған талдамалық ұйым».

LPRC донорлары ретінде: «Сорос-Қазақстан» қоры, ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігі, Нидерланды және Ұлыбритания Корольдігінің Елшіліктері, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) бағдарламалар кеңсесі тіркелген.

Димаш Әлжанов «Оян, Қазақстанның» басқа да қатысушылары сияқты өздері ұйымдастырған митингілерге қатысқанына қарамастан, оның «күрестегі» басты рөлі бүлікші емес, жәбірленуші. Ол биліктің қудалауы мен қысымы туралы айтады.

«Біздің шеруге бір түн қалғанда, бірнеше адам әр жерде біраз уақыт бізге еріп жүрді. Біз олардың ізіне түсіп, бәрін видеоға түсіріп алдық. Біреуі – полиция қызметкері, деп ойлаймын, байқауымша, біздің видеоға түсіріп жатқанымызды байқамай, тротуарда жүріп, рацимен өзгелерге бұйрық беріп жатты. Бізді байқап қойған ол маған бұрылып, қауіп төндіре бастады. Содан кейін, курткасы мен сөмкесін шешіп, маған жақындап, қылмыс әлемінің серкесімін деп таныстырды, егер ол мені тағы кездестірсе, онда бұл соңғы кездесу болады деп қорқытты», — деп сұхбат берді Әлжанов 2020 жылдың қаңтарында БАҚ-қа берген сұхбатында.

2021 жылдың 15 ақпанында Әлжанов Фейсбук-парақшасында пәтерінің есігіне белгісіз заты бар пакет ілінгенін жазды.

«2020 жылдың соңында менің жеке өмірім туралы заңсыз жазбаларымен бопсалағаннан кейін, билік тарапынан арандатулар мен қорқыту әрекеттері басталды. Белгісіз ұнтақ салынған бұл пакет сенбіде менің пәтерімнің есігіне ілінді», — деп жазды Әлжанов. Оның айтуынша, бұл соңғы айларда болған бірінші жағдай емес.

«Бұған дейін газетті есігіме қыстырып кеткен, ішінде бір зат бар сияқты. Oyan, Qazaqstan белсенділерімен 10 қаңтарда митингіге дайындалғанымызда кіреберістегі интернет сымын біреулер үзіп кетіпті», — деп жазды Әлжанов.

«Жеке өмірі» туралы видеожазбаға келсек, бұл туралы Әлжанов 2020 жылдың 20 желтоқсанында жазды.

«Қоғамдық кеңістікте неғұрлым белсенді болсаңыз, жеке өміріңіз соғұрлым аз болады. ҰҚК сіздің достарыңыздың басын айналдырып, жеке өміріңіз туралы ақпарат жинауға тырысады. Олар сізді қорқыту үшін және толық сенімсіздік сезімін қалыптастыру үшін көрнекі бақылау жүргізеді. Айтарын жеткізетін туыстарыңызды табады. Олар сіздің аккаунттарыңызды жүйелі түрде бұзады, барлық телефон нөміріңізді қайталайды. Үйді тінтіп, шкафты да ақтарады. Бопсалау үшін жеке өміріңізді видеоға түсіріп алады. Мұның бәрін сіз бен біздің салығымыз арқылы жасап отыр. Қоғам тарапынан ешқандай бақылау жоқ. Бұл ұятсыздық біз өмір сүріп жатқан саяси жүйенің ажырамас бөлігі».

Айдары: Түтін 27.09.2023 73

Қатысты мазмұн