Дикий Арманның басынан кешкендері

none

Былтыр Қаңтар қырғыны кезінде ұсталған криминалды авторитет Дикий Арман абсолютті түрде танымал болды. Қазір елімізде оның есімін білмейтін адам жоқ шығар. Бірақ оның қайдан шыққанын және бұған дейін өткен жолы көпшілікке беймәлім болуы мүмкін. Осыған орай qazpolit.org интернет-ресурсында жарияланған мәлімет назар аударарлық. Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) 1984 жылғы 4 қазанда Шымкентте дүниеге келген. Дикий Арман өзін, достарын, пікірлестерін «Қазақ тауының барысы мен қазақ даласының қасқыры» дейді. Көп рет заң бұзған.

Бандиттік Шымкент

Арман Жұмагелдиев балалық және жастық шағында бокспен айналысқан және анасы Роза Жұмагелдиеваның айтуынша, түрлі жарыста 16 медаль, оның ішінде он шақты алтын медаль жеңіп алған. 2000 жылы Американың Маркет қаласында бокстан өткен турнирде Арман финалда қара нәсілді спортшы Кертис Стивенстен жеңіліп қалды. 2001 жылы Джумагельдиев Бакуде өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетті, бірақ жарыс қожайыны Руфат Хайрбековтен әлсіз болып шықты.

2003 жылдың аяғында 10 жігіт (ішінде Арман да бар) екі адамға шабуыл жасайды. Зардап шеккендердің бірі ішіне оқ тиіп ауруханаға жеткізілді. Белгілі бір себептермен іс сотқа дейін жеткен жоқ.

2005 жылдың көктемінде Дикий Арман мен оның тобы Шымкенттегі «Турист» қонақүйінің мейрамханасында оппозиция тарапынан президенттікке кандидат Жармахан Тұяқбай жақтастарымен кездесу өткізіп жатқан жерде жаппай төбелес шығарды. 5 мамырда ОҚО ІІД тергеушілері бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, бірнеше күннен кейін Арман қамауға алынды. 2005 жылдың жазының басында Шымкент қалалық сотында Жұмагелдиев шартты түрде сотталды.

2008 жылғы 19 шілдеде Шымкент қаласының Сайрам шағын ауданында атыс болды. Киллерлер екі ағайынды - Әскер мен Қайсар Ерубаевтарды атып өлтіріп, алматылық нөмірлі Lexus көлігімен қашып кеткен. Қыркүйек айында Шымкентте оқ атқандардың бірі Анвар Үмбетов ұсталды, ол ағайынды Ерубаевтарды өлтіруге кек алу мақсатында барғанын мойындады. ІІД тергеушілері анықтағандай, бұл вендеттаға Дикий Арман тобының мүшелері Стальмаков пен Черныйдың өлтірілуі себеп болған.

2008 жылдың қаңтар айының ортасында Дикий Арманға оның оққағарлары Стальмаков пен Черный келді. Үшеуі де спортзалға бармақшы болып, төртіншісі – Анвар Үмбетовті күтіп отырған. Онысы телефон шалып, келіп қалғанын айтқан. Черный мен Стальмаков бірінші болып подъезден шықты. Арман баспалдық алаңында кідіріп қалып, дәл сол кезде атыс басталыпты. Стальмаков қарсы оқ атып, подъезге жүгіріп кірді, бірақ бірнеше оқ арқасына тиіп, ол қан кетуден опат болды. Черный да өлтірілді.

Анвар Үмбетов мұның куәсі болды: атыс басталған кезде ол көрші аулаға көлігін қойған. Үмбетов қарусыз болғандықтан жасырынып қалды, бірақ оқ атқандардың бірі Әскер Ерубаевты таныды.

Ерубаев ІІД-ге жеткізілді, бірақ ол бәсекелес ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін атып өлтіргенін мойындамай қойды. Әскер дәл осы уақытта ет базарында болғанын, оны бірнеше саудагер көргенін айтып, олар оның сөзін растады. Алайда, егжей-тегжейлі тексеру кезінде күдікті мен куәлердің айғақтарында бір жарым сағат айырмашылық бар екені анықталды.

Тергеушілердің айтуынша, бұл уақыт кісі өлтіруден кейін базарға барып, саудагерлердің көзіне көріну үшін жеткілікті. Бірақ Әскер айтқанынан қайтпай, ақыры оңай құтылып кетті: сот оны заңсыз қару сақтағаны үшін шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Анвар Үмбетов болса Алматыға қашып кетті. Онда ол өзінің таныстары – Ибрагим мен Сұлтанды тауып, көмек сұрады. Олар оған бәсекелестерінен кек алуға көмектесуге уәде берді. Сөйтіп олар шілденің басында Шымкентте кездесуге келісті: осы уақыт ішінде олар қару-жарақ пен көлік табуы керек еді.

19 шілдеде Ибрагим мен Сұлтан Алматыда ұрланған «Лексус» көлігімен Шымкентке келді. Ағайынды Ерубаевтардың бірінің BMW көлігінің ізіне түскен олар «Сайрам» шағын ауданындағы көлік тұрағына жетіп, оқ жаудырған. Әскер мен Қайсар көліктен атып шығып, қаша жөнелді, бірақ екеуі де ажал құшты.

Криминалды талант

Айта кететіні, Әскер Ерубаев ресми түрде Шымкент сыра зауытында «кең мәселелер жөніндегі менеджер» қызметін атқарған. Сол кездегі құдіретті Тоқтар Төлешовтың жеке тапсырмаларын орындап жүрген. 2016 жылы БАҚ-та Дикий Арманды өлтіруге тікелей бұйрық берген Сыра королі деп хабарланған болатын.

Дикий Арман түнгі клубтардың бірінде Төлешовтің қыздарымен жанжалдасып, нәтижесінде Төлешов пен Дикий Арманның арасында «соғыс» басталды.

Бір қызығы, кейіннен Дикий Арман мен бұрынғы олигархтың үлкен әрі сүйікті қызы Севиль Төлешова жақсы дос болып кетті.

2008 жылдың күзінде Дикий Арманның өзі ұсталды - оған есірткі мен оқ-дәріні заңсыз сақтады деген айып тағылды.

«Арман ұрылардың заңын мойындамайды, өз ережесімен өмір сүреді. Тәуекелшіл, өжет жігіт. Ол адамды еш себепсіз ұрып-соғуы, қоғамдық жерде жаппай төбелес ұйымдастыруы, тіпті бәсекелестермен атыс бастауы мүмкін. Шамасы, осы себептен ол Дикий Арман деп аталып кеткен. Жұмагелдиевтің тағы бір лақап аты – «Ұстатпайтын Арман», - деді полиция қызметкерлері журналистерге.

Нәтижесінде сот Жұмагелдиевті үш жылға бас бостандығынан айырды.

Жазасын өтегеннен кейін «дала қасқыры» тұрақты тұру үшін Түркияға көшіп, 27 жасында «заңды ұры» Лоту Гулидің (Надир Салифов) сеніміне кіреді. Боксшы Әлішер Усмановтың ең жақын досы, Қазақстанда өте беделді Гафур Рахимовпен қарым-қатынас орнатты.

Тараған мәлімет бойынша, Дикий Арман Набережные Челны қаласының тумасы, Ресейден Түркияға қашып кеткен кәсіпкер Эрик Гафаровтың барлық мәселелерін шешумен шұғылданған.

2021 жылдың жазында Жұмагелдиевті Түркияның арнайы күштері профилактикалық әңгімелесу үшін ұстады. Бұған дейін олар Арманның жақын досы Нұржан Иманалиевпен (Нойс) «әңгімелескен».

2020 жылдың 10 тамызында Шымкенттегі «Гранд-Прага» мейрамханасында атыс болды. Бір ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам ауыр жарақат алды. Сол кезде Шымкентте қылмыстық авторитеттердің арасында «қылмыстық разборка» басталды деген қауесет тарады.

Дәлірек айтқанда, Дәулет Соқыр деген лақап атпен танымал Шымкенттегі ең қарт криминал авторитет Нұрдәулет Мырзабаев пен Арман Жұмагелдиев арасында соғыс басталды.

Атыс кезінде Дәулет Соқырдың ұлы 34 жастағы Нұрғали Мырзабаев ауыр жараланған. Оған оқ атқан басты күдікті 1989 жылы туған Дәуір Тәукеев болды, ол Шымкентте Дикий Арманның оң қолы деп саналған.

Дикий Арман Түркияда қылмыстық авторитеттердің арасында жүргенде де аяқ астынан төбелес шығарып өзінің іс-әрекетімен көзге түскен.

«Мансаптың» шыңы

2022 жылдың 7 қаңтарында Алматы полиция департаментінің арнайы операциясы барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі мен Дикий Арман ұсталды. Олардан маркасы мен калибрлі әр түрлі төрт жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрілер, қару-жарақ жинағы мен брондалған көлік тәркіленді.

6 маусымда Алматының тергеу соты Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты. ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев брифинг барысында қылмыскерлердің қылмысқа белсене араласқаны сенімді түрде белгілі екенін айтты. Арман Жұмагелдиевтің рөлі ерекше болды

«6 қаңтарда оның топ мүшелерінің бірі Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген қылмыскерлерге Glock және "Макаров" тапаншаларын таратқан. Қару-жарақ алған қылмыскерлер бір уақытта ұйымдастырушы мен оның көмекшілерінен нұсқау алған», - деді Шалабаев.

Ол қылмыскерлер сыбайластарды 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, олардың жоспарланған қылмыстардағы рөлдерін анықтағанын атап өтті.

«Олардың арасында «старшийлар» тағайындалды, оларға ұйымдастырушылар бронежилет, бас қорғанышын, атыс қаруын және 200 000 теңге табыс етті. Қатардағы сыбайластарға суық қарумен, шоқпармен және дене жарақатын келтіруге болатын басқа да заттармен қарулану тапсырылды», - деді Бас прокуратураның өкілі.

Серік Шалабаевтың айтуынша, айрықша белгі ретінде барлық қылмыскерлерд жеңіне ақ белгі шүберек байлап алуға тиіс болған.

Қаланың түкпір-түкпірінен келген қарулы қылмыскерлердің бұл топтары 24 адамды ұрлап, ұрып-соғып, Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақүйлерінің көлік тұрақтарында ұстаған. Зардап шеккендердің бірі алған жарақаттан қайтыс болды.

ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық ізге түсу қызметінің басшысы аталған қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті ұсталғанын хабарлады. Қылмыстық топтың қалған мүшелерін анықтау жұмыстары жалғасуда.

Айдары: Дүрбі 05.01.2023 154

Қатысты мазмұн