Бутя және Әділетті Қазақстан: саясаткердің басынан кешкендері

none

Қасіретті Қаңтар оқиғасынан кейін саясатқа қайта оралған бизнесмен Болат Әбілев саяси ұпай жинаумен әуре болып, өзіне пиар жасауға бағытталған әр түрлі жалаң популистік ұран тастап жүрген тұста сарапшылар оның бұл ісінің астарына үңіліп жатыр. Сонымен, Болат Әбілев саясатқа не үшін қайта оралған? Бұл сұрақтың жауабын spik.kz сайты табуға амал жасапты.

«Қазақстанда саяси процестер қызу жүріп жатыр. Осы жарыста президенттікке кандидаттардың арасында алғашқы «ұстасу» да басталды. Ал қазақстандық оппозицияның жаңа-бұрынғы өкілдері саяси күрестің қақ ортасында жүрудің орнына, бұрыш-бұрышқа тығылып, кейбірі ғана Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаратын күңкілдеп ұрсып қояды. Біреулері тіпті радардан мүлдем жоғалып кетті. Мысалы, бұл қаңтар қасіретінің құрбандары есебінен және Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару ұранымен өзіне жақсылап пиар жасаған Болат Әбілевке қатысты. Жақында Әбілев пен Оразалы Ержанов қорының бұл мәселеде қаншалықты ілгерілегеніне арналған баспасөз мәслихатына Бутя қатысқан жоқ. Бұған қарап бизнесмен саясаттан қайта кетті деген ойға қаласың.

Және де бұл бекер емес екен. Әбілев жағымсыз сот дауына тартылып, оның барысында ашық дереккөзден алынған ақпаратпен оңай әшкереленген өтірікті үйіп-төкті. Бірақ бәрін рет-ретімен айтайық.

Осыдан шамамен бір апта бұрын әлеуметтік желіде қарағандылық кәсіпкер Олег Имнің видеоүндеуі тарады. 2015 жылы Қарағанды облысының тумасы Олег Им Теміртауда салынып жатқан Әбілевтің «КазГазоБлок» зауытына қомақты қаржылық инвестиция салған. Әбілев бұл ақшаны 2017 жылы қайтарамын деп қолхат жазған да, сөзінде тұрмаған. Әбілевтің ақшаны оңайшылықпен қайтармайтынын түсінген Олег Им сотқа арызданған. Нәтижесінде әлгі бизнесмен Болат Әбілевпен және «КазГазоБлок» ЖШС-імен арадағы 208,8 млн. теңге қарыз сомасын өндіру туралы сотта жеңді.

Бірақ бизнесменнің өзі бұл шешімге келіспейді, өйткені сот шешімімен оған келген нұқсанды ішінара өтеу ғана ұйғарылған, оның үстіне оны Болат Әбілевтің сот шығынын төлеуге мәжбүрлеп отыр. Әбілев болса процесс барысында бұл ақшаны науқас әйелін емдету үшін қарызға алдым деп барын салып бұлтаруға тырысқан. Бірақ оның әйелі 2016 жылы, яғни Әбілев Имнен қарызға ақша алғаннан соң бір жылдан кейін ауырған.

Содан кейін Бутя тіпті өзінің ағасы Қуантай Әбілев басқаратын «КазГазоБлок» зауытына ешқандай қатысым жоқ деп мәлімдеді. Бірақ ол зауыттың құрылтайшысы деп көрсетілмеген де, оның үстіне 2017 жылы зауыттың ашылуында Әбілевті барлығы «инвестор» деп атаған.

Теміртаудағы зауыттың ашылу салтанатында Қарағанды облысының сол кездегі әкімі Ерлан Қошанов болды.

«Мен бүгін біздің қарағандылық, отандық инвестор Болат Әбілевті осы жеңісімен шын жүректен құттықтағым келеді. Қалай болғанда да, оған бизнесмен болғаны көбірек жарасымды. Ол бұл зауытты ұзақ уақыт салды, бірақ соңында салып бітірді. Бұл біздің облысқа қажет зауыт: бұл бір жарым миллиард инвестиция, 70-тен астам жаңа жұмыс орны және ең бастысы зауыт өнімдері құрылыс нарығында сұранысқа ие. Оның орналасқан жерін – құрылыс қарқынды жүріп жатқан Қарағанды мен Астананың екі ортасын инвестор жақсы таңдаған. Сондай-ақ моноқалаларда мұндай зауыттардың пайда болуы бізді ерекше қуантады», - деген еді сол кезде Ерлан Қошанов. Оның сөзі Бутяның «КазГазоблокқа» ешқандай қатысым жоқ деген сөзінің күл-талқанын шығарып отыр.

Қазір өздеріңіз білетіндей, Ерлан Қошанов мәжілісті басқарады, бірақ биылғы жылдың 1 ақпанына дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды. Ал Болат Әбілев Қошановтың мәжіліске ауысуынан аз ғана уақыт бұрын саяси сахнаға қайта шықты. Сөйтіп содан бері өзінің саяси белсенділігін арттырып отырған ол Олег Имге қатысты сот процесінде соңғысы жеңетіні белгілі болған кезде тынышталып қалды.

Саясатпен әлдеқашан қош айтысып кеткен адамның саяси популизмінің тұтануынан біз шантажға ұқсас әлдебір құбылысты көріп тұрмыз. Бұл Әбілевтен қарызын қайтаруды талап етуге батылы барған бизнесменді сотта жеңгің келсе үнсіз отыр деген талап.

Бірақ Бутя Әділетті Қазақстанды құру туралы әңгіме бұрынғы кездегідей жай ғана саяси бос сөз емес екенін ескермепті. Ол сотта да жеңілді, айтарлықтай саяси капитал да жинай алмады. Ал Олег Им сот арқылы ақшасын қайтарып алу амалын жалғастырады және ол табысқа жетеді деп сенеміз» деп жазады басылым.

Айдары: Түтін 06.11.2022 74

Қатысты мазмұн