
Осы экологтар туралы әңгіме қозғалса, еске бірден алаяқтар түсе қалады. Қайсыбір жылдары Мэльс Елеусізов деген "эколог" зарлап жүріп үкіметтен миллиондаған доллар грант алды. Мақсаты - Алматы өзен-көлдерінде бекіретұқымдас балықтарды көбейту екен. Сөйтіп, кісі шомылатын екі ванна сатып алды да, ішіне шыпырлатып шабақ жіберді. Онысы бақаның шабағы ма, әлде, расымен бекіренің шабағы ма, ит білсін! Әйтеуір, асығыс-үсігіс телеарналар мен газет-журналдан тілшілерді шақырып, фото-видеоға түсіріп жанталасты да қалды. Енді, шабақтар экологиялық ортасы лайық болмай тұрғасын, қырылып қалмай тұра жоғарыға есеп бергісі келген екен ғой. Кейін, Мәкең бекіре туралы ауыз ашпайтын болды. Алматы маңында тұқымы жайылған бекіре туралы ақпарат та сап тыйылды. Есесіне, үкіметтен алған ақшаның қаншасы игерілгені, қаншасы шабақ күйінде қырылып қалғаны көпшілікке белгісіз боп қалды. Сосын, Мәкең "жасылдар партиясын құрам" деп шықты. Мәкең осымен тоқтай тұрсын.
Қазақстан мен Ресейде оқымаған оқуы қалмаған, өзі экономист, өзі инженер, өзі айтишник, өзі кәсіпкер, Сколковоның түлегі, бірақ экологияға мүлдем қатысы жоқ Азаматхан Әміртай деген "эколог" әрі "қоғам белсендісі" пайда бола кетті. "Экономист" деген дипломы болғанымен экономиканы қақпайтын, "айтишник" деген дипломы болғанымен Айтиді қақпайтын осындай адам көрмеппін. "Қоғам белсендісі" деген атаққа жету үшін журналистерді шақырып, тиын-тебен төлеп, белгілі бола бастады. Кімге нақты қанша төлегенін "Жас алаш" газеті редакторының қазіргі орынбасары Сейсен Ұлықбек біледі. Азаматханның пиар-менеджері сол болатын. Әйтеуір, баяғыда қыста бізді де шақырып, болмай қалғыр тиын төлеп, ол ақшаны біз Жолымбет Мәкішке етік сатып алуға бергеніміз есте . Фейсбукта күні кешеге дейін Азаматханның ақылы жарнамасы да толып жүрді. Басында билік бұл жігітті дұрыс адам деп ойласа керек. Ұлттық кеңеске алдыртты. Оған тіпті Берік Уәлидің де көмегі тиюі мүмкін. Сырттай қанша мықтысығаныңмен, кеудеңнің қаншалықты толық немесе бос екені іс барысында анықталады ғой. Кейін билік Азаматханмен барлық байланысын үзді. Тіпті, бір жобаларын миллиардтап қаржыландырмақ болған ниетінен де бас тартты.
Азаматханға бұл оңай тиген жоқ. Енді ол арнайы тапсырыспен өңір аралауға кіріскен секілді. Жақында бір видеосы тарады. Астанада түтіні бұрқыраған зауыттың фонында тұрып, "мынау қытайдың зауыты!" деп соқты!) Ал шын мәнінде ол ешқандай зауыт емес, Астана қаласына жылу және ыстық су беретін ТЭЦ еді!
Болмай қалған экономистің екінші қателігі: пеноблоктың экологияға түк әсері жоқ. ТЭЦтен алатын бумен кірпішті кептіреді, бу қайтадан суға айналады, су буға айналады. Яғни, әлгі зауыт (Азаматхан айтқандай емес, кімге тиесілі екені әзір анық емес) ешқандай отын жақпайтын болып шықты. Азаматханның "мүдде" үшін жұмыс істеуі Кіші Талдыкөлге қатысты айқай-шуда да анық көрінді. Ол кезде болмай қалған "экологымыз" табиғатты емес, акиматты жақтап шыққан еді!
Ұзын сөздің қысқасы, қазір Азаматхан Әміртайға қатысты қылмыстық іс қозғалды деген хабар тарады. Кезінде Азаматхан да Ресей автопромының Қазақстандағы лоббисті болған көрінеді.
Қазір мемлекеттік органдардың жұмысы тұрғындарды ұзаққа созылатын әлемдік дағдарысқа қарсы тұруға дайындауға бағытталған. Соған байланысты, қоғамды тітіркендіретін жалған ақпарат таратушы біршама инфокиллерді тұтқындауы да мүмкін. Махамбет Әбжан сол әрекеттің алғашқы құрбандығы секілді.
Тоқтар Жақаш Фейсбуктегі парақшасынан алынды