Билік «нағыз оппозицияның» келбетін сомдап жатыр

none

Әлеуметтік желіде Жамболат Мамай командасының белсенді мүшесі Абзал Достияровты полицияның бірнеше қызметкері жұлқылап жүрген видеосы жарияланды. Белсендінің қолында кішкентай қызы бар. Алыс-жұлыстың трагедиялық сипаты да осы. «Полицияның жауыздығына» жұрт ызаланып, Достияров пен оның жас баласына аяушылық білдіріп жатыр. Жан-жақты ракурстан түсіріліген бұл видеоны Абзал Достияров әлеуметтік желіде жарнамалап, өзінің «нағыз оппозиция» екенін көрсеткісі келеді. Бұл оқиғаның шындығы қандай?

«Мамай» - биліктің саяси жобасы». Бұл тезисті журналистер бірнеше қырынан дәлелдеген. Басқа оппозициялық ұйымдар да Мамай тобының саяси жоба аясында псевдо оппозицияның рөлін ойнап жүргеніне сенімді. Билік өз кезегінде Мамайдың «нағыз оппозиция» екенін айлакерлікпен дәлелдеу үшін көп әуреленеді: Жанболат Мамайды кейде қамауға алады, одан кейін қайтадан шығарып жібереді. Мамайдың жақтастарын түрлі «қысымға» алып, олардан «биліктен әбден зәбір көрген» оппозициялық тұлға сомдап жатыр. Сонда да былайғы жұрт Мамай мен оның командасына, бұл топтың шынымен оппозиция екеніне сенгісі жоқ.

Мамай мен оның командасы әлеуметтік желіге шығып алып «нағыз оппозицияшыл» мәлімдеме жасайды, биліктегі кейбір шенеуніктерді аяусыз сынайды. Сол үшін бірнеше сайт, ютуб канал, әлеуметтік желіден түрлі парақша ашып алған. Бұл жұмыс та өзінің нәтижесін бермей жатыр. Бәрібір Мамай және оның командасына «міне, нағыз оппозиция осылар» деп сеніп қалған адам саны аз, тіпті мамайшылдар рұқсат етілген митингіге де жиырмадан астам адам жинай алмай келеді.

«Мамай» жобасы үшін осындай қиын-қыстау кезеңде тіркелмеген Демократиялық партияның беделін көтеруді полиция қолына алды. Олар жан-жақтан видео айғақ жасап тұрған камералардың алдында бала көтерген Достияровты жұлмалауды бастады. Полиция қызметкерлері өздерінің видео камераға түсіп жатқанын білмеуі мүмкін емес. Абайсызда видеоға түсіп қалса да, одан кейін камерадағы жазбаны жоқ қылып жіберуге болатын еді ғой. Жоқ, полиция ондай әрекетке бармайды. Бала көтерген адамды көкпарша жұлқылау қоғамда қарсылық туғызатынына, мұндай істің абырой бермейтініне полицияның ақылы жетпей қалды дегенге кім сенеді?! Даңқой Достияров ақылды да, полиция ақымақ болып қалып па?!

Осы жағдайға қарап отырып, алыс-жұлыс сценарийге Абзал Достияровтың алдын ала дайындалғанын көреміз. Әйтпесе, полиция Достияровты қамауға алғысы келсе, басқаша жасауға болатын еді ғой. «Мен баламды көтеріп шыққанда сендер де келе қойыңдар» деп келісіп алған саяси ойын секілді. Әрине, бұл оқиға қоғамды қатты дүрліктіргендей болды. Эмоция байыбын тапқан соң, Мамай және оның командасы биліктің саяси жобасы аясында әрекет етіп жатқаны жөніндегі баяғы дәлелді еске алған соң ғана дабыра басылды. Осы оқиғаны тереңіне үңілсек, өздерін нағыз оппозиция санап жүрген Мамай командасы да, оларды қоғам алдында «нағыз оппозиция» қылып көрсеткісі келетін билік те саяси жарнама жасау жолында әбербақан, либерализм құндылықтарына жат, адамгершіліктен ада әрекеттерге баратын көрсетті. Ал осындай сценарийді қабыл алып, соның аясында «зәбір көрген опппозиция өкілі» деген атақты иемденгісі келген Мамай мен Достияровтың ар-ұяты бар ма?

«S»

Айдары: Түтін 09.01.2023 66

Қатысты мазмұн