Бауыржан Байбек Жанболат Мамайды сотқа берді

none

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек саяси белсенді Жанболат Мамайды және оның әйелі Инга Иманбайды сотқа берді. Заңгер Айжан Ташенова Алматыдағы Әуезов аудандық №2 сотына Байбектің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бергенін Facebook парақшасында хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, Бауыржан Байбек партия өкілі ретінде емес, жеке тұлға ретінде арыз берген және жауапкерлерді қылмыстық және әкімшілік жолмен қудалаудан бас тартып, тек азаматтық іс шеңберінде қалуға шешім қабылдаған. Бұған қоса ол моральдық шығын үшін материалдық өтемақы талап етпейтінін де айтқан.

Талап қоюға Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның осы жылдың 13 сәуірінде жария еткен бейне материалы негіз болды. Youtube-тегі "Демократиялы Қазақстан" каналында олар Б.Байбекті сыбайлас жемқорлық және басқа да лауазымдық теріс қылық жасады деп айыптайды.

Байбектің заңгері жауапкерлер бұл сөздерді нақты фактілер мен құжаттар негізінде дәлелдеуді талап етті.

Мұның алдында берген сұхбатында Бауыржан Байбек Жанболат Мамайды "саяси өлік" деп атап, оны сотқа беретінін мәлімдеген.

Ал Мамай сотқа дайын екенін, Байбекті ашық дебатқа шақыратынын айтқан.

Айдары: Түтін 02.05.2021 45

Қатысты мазмұн