«Асыл арна» жабылсын!». «Зікіршілер» тағы да жеңіліп қалды

none

Ахмет Яссауидің атын жамылған Исматулла тариқатын (жолын) ұстанатын «зікірші» сопылардың сәләфилерге қарсы реваншы сәтсіз аяқталды. Олар діни идеология тықпалайтын ақпарат майданында оңбай жеңіліс тапты. Бұрын «зікіршілер» мен «тәңіршілдердің» үнпарағы болған екі сайт - abai.kz және adyrna.kz жеме-жемге келгенде шалты бұрылып, қарсыластар жағына шығып кетті. Мұнда қандай гәп бар?

Қарашаның 28-і күні «зікірші» сопылардың белді уағызшысы Зікірия Жандарбек алыс-жақын шетел қайраткерлері мен еліміздің зиялы қауымының (жалпы саны 14 мыңға жуық адам) басын қосып, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазған. Хаттың бір тарауында мына мәселе көтерілді:

«Уахаббизм, салафизм және басқа да дәстүрлі емес түрлі діни ағымдар, биліктің астыртын қамқорлығының арқасында ел ішінде дүрбелең туғызып, тұрақсыздық пен терроризмнің қайнар көзіне айналып отыр. Қазақстан зиялы мемлекет. Неге біздің БАҚ, ТВ-да қоғамды өркениетке жетелеуші негізгі мәдени, ғылыми-технологиялық бағдарламалар берілмейді. Оның орнына тәулік бойы тек діни бағдарламалар беріледі?! Осы жылдың соңына дейін, дәстүрлі емес уахаббизм, салафизм және басқа да дәстүрлі емес түрлі діни ағымдарды және «Асыл арна» телебағдарламасын жабуды талап етеміз!».

Тоталитарлық тариқаттардың әдісіне салып талап түрінде президент Тоқаевтың атына жазылған ашық хатты «зікіршілерді» бұрыннан қолдап жүрген abai.kz сайты жариялаған. «Зікірші» сопылардың қазақстандық «тәңіршілермен» ым-жымы бір. Сондықтан ашық хатты adyrna.kz сайты да көшіріп басты. Бірақ, екі сайт та бір күн өтпей жатып ашық хатты алып тастады. Неге? Сайттағы ашық хатты өшіртіп тастаған кім? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын ашық хаттың жазылу себебін айта кетейік.

text

«Асыл арна» діни танымдық телеарнасы мен оның басшысы Мұхамеджан Тазабеков және оның жақтастары әлеуметтік желіде қараша айының соңында болатын қазақ қоғамы үшін «аса маңызды» екі шараны жарнамалай бастады. Бірі – Мұхамеджан Тазабековтің Алматыдағы Республика сарайында халықпен кездесуі. «Тәлім Trend» деп аталатын уағызға эстрада жұлдыздары мен өнер қайраткерлері де шақырылған-ды. Екіншісі - Сарыағашта 10 мың адам сыйатын жаңа мешіттің ашылуы. Бұл салтанатқа облыс басшылары, депутаттар, көрші елдердің дінбасылары, тіпті Түркия президентінің ұлы Нажмеддин Билалдың қатысатыны айтылды.

text

Пірі мен екінші деңгейлі тақсырларының сотталып, «Білім.Сенім.Өмір» ұйымының экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағында тыйым салынғанына қазақстандық сәләфилерді кіналайтын «зікіршілердің» белді өкілі Зікірия Жандарбектің ашуын туғызған бұл ғана емес.

Қазан-қараша айында сопыларға, әсіресе, «зікіршілерге» қарсы adyrna.kz және exclusive.kz сайттары ақпараттық соққыны күшейтті. Журналистік зерттеу барысында мұны ұйымдастырып отырған Мұхамеджан Тазабеков және оның командасы болып шықты. «Зікіршілерге» қарсы ақпараттық кампанияны бағыттап отырған команда ішінде «ахи» атты құрметке бөленген журналист Жолымбет Мәкіш екен. Бұған оның Тазабековке жазған құпия хаты дәлел болады.

text

«Қадалған жерінен қан шығармай тынбайтын» Жолымбет Мәкіш қызметті тегін жасамайтынын Мұхамеджанға жазған хатында айтыпты. Бұған дейін оның «Хақ» деген атаумен партия құрмақшы болып жүрген Тоғжан Қожалиеваның (Тілеухандар әулетінің келіні, Тазабековтің де туысы) сұхбатын adyrna.kz сайтына шығаруға мұрындық болғаны әлеуметтік желіде жарияланды. Жарнама сипатты сұхбатқа бөлінген қаржының (200 мың) тең жартысын жырып алғанын Жолымбет Мәкіштің өзі журналистерге мақтанышпен айтып жүр. Дәл осы сияқты ол өзінің М.Тазабековке жазған хатының скринін қалталы «зікіршілердің» біріне жіберген. Осылайша, ол «зікіршілерді» де шантаждамақ болды ма, әлде Мұхамеджан Тазабековті «подставить» еткісі келді ме, түсініксіз, «қулығына құрық бойламайтын» журналистің бұл әрекеті терең зерттеуді қажет етіп тұр...

«Асыл арна» жабылсын!» деп ұрандаған ашық хаттың abai.kz және adyrna.kz сайттарынан өшіріп тастауға ықпал еткен Жолымбет Мәкіш» деген сөзді шығарып жүрген оның өзі. Мұнысы енді шылғи өтірік болса керек. Себебі, журналистік зерттеу барысында интернет сайттар мен әлеуметтік желіге жауапты министрліктің шенеунігі Руслан Желдібай мен жұмыссыз жүрген журналист Жолымбет Мәкіштің қандай да бір байланысы немесе оған ықпалы жөнінде дәлел табылмады. Екі сайттан ашық хатты өшіртіп тастауға араға адам салып ықпал еткен Мұхамеджан Тазабековтің өзі немесе оның жанашыры Бекболат Тілеухан сияқты. Ал анығына келсек, қараша айында реванш алмақшы болған «зікіршілердің» тағы жеңіліс тапқанына куә болып отырмыз.

«S»

Айдары: Түтін 30.11.2019 525

Қатысты мазмұн