Арон Атабектің өліміне кім кінәлі?

none

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Арон Атабектің (Едігеев) өліміне байланысты пікір айтты. Арон Атабек «Шаңырақ оқиғасы» бойынша 18 жылға сотталып, оның 15 жылын түрмеде отырып, биыл күзде босатылған, ол көп ұзамай қайтыс болды.

Мейрам Аюбаев «Азаттық» радиосының «ҚАЖК Арон Атабектің өліміне жауапты санай ма?» деген сұрағына «жауапты санамайды» деп жауап берді. «Арон Едігеев 2019 жылдан бастап барлық медициналық тексеруден бас тартты. Кейінгі кезде арықтай бастағаны байқалды. Жыл басынан бері Ұлттық превентентивті механизм, қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдерін, сырттан дәрігерлер шақырдық. Олар да дәрігерге қаралудың маңызды екенін түсіндірді. Туыстарына да айттық. Дәрігерге қаралу, қаралмау кез-келген адамның конституциялық құқығы. Дәрігерге қаралуға зорға келісті. 22 қыркүйекте Павлодар қаласының N1 ауруханасына жатқызылып, диагноздары анықталды (диагноздары медициналық құпия саналады ). 1 қазанда Павлодар қаласының сот шешімімен жаза мерзімі қысқартылып, босатылды. Сол күні әпкесі келді. Медицина қызметкерімен бірге Алматыдағы үйіне дейін жеткізілді» деді Мейрам Аюбаев. ҚАЖК өкілінің сөзі Арон Атабек түрмеде отырғанда онымен кездесуге ұмтылған құқыққорғаушылар мен дәрігерлердің пікірімен сәйкес. Арон Атабек өзін кінәсіз санап, ақтауды және түрмеде отырған жылдарына өтемақы талап етіп келді. Сондықтан ол заңда көрсетілген түрме жазасын шартты жазаға ауыстыру үшін арыз жазудан да, рақымшылықтан да бас тартты. ҚАЖК тарапынан денсаулығын тексеруге жіберілген дәрігерлерді де Арон Атабек өзіне жақындатпай қойды. Әбден әлсіреген ол камерасында құлап қалған соң оны Павлодардағы азаматтық ауруханаға апарған. Онда оны тексеруден өткізіп, дәрігерлер «түрмеде отыруға денсаулығы жарамайды» деген шешім шығарған. Осы шешімді басшылыққа алған сот оның жазасын ауыстырып, бостандыққа жіберген. Ол Алматыдағы үйіне қазан айының басында келді. Бірақ, ол көп ұзамай сырқаттанып ауруханаға жатқызылды. Арон Атабек 24 қарашада Алматы қаласындағы ауруханада көз жұмды. «S»

Айдары: Түтін 02.12.2021 100

Қатысты мазмұн