Алматыда ҰБТ қалай өтеді?

none

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие нысандарын бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Дина Суханберлиева пандемия кезінде ҰБТ қалай өтетінін айтты.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 6 мамыр мен 30 маусым аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында екі лекке алдын ала жазылу бойынша өткізіледі. Қатысушылардың жалпы саны - 11 337 адам.

"Барлығы үш тестілеу залы болады. Күн сайын ҰБТ-ға 600 оқушы жіберіледі. Залға отырғызу кезәнде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар ескеріледі", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі Дина Суханберлиева.

Сондай-ақ, ҰБТ өткізу орындарында медициналық пункт және желдеткіш жүйе орнатылған. Оқушыларға бөтелкедегі су таратылады.

Сонымен қатар, барлық оқушы кіреберісте бетперде тағып, қолдарын арнайы сұйықтықпен өңдеп, термобақылаудан өтуі керек.

Суханберлиева ата-ана мен мұғалім, сондай-ақ барлық бөгде адамға тестілеу пункттеріне келуге тыйым салынатынын айтты.

"ҰБТ-ны өткізуге ата-аналар, оқытушылар және адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында басқа да адамдар жіберілмейді. ҰБТ қатысушыларына еріп келмеуді сұраймыз", - деді Дина Суханберлиева.

ҰБТ қалай өтіп жатқанын онлайн-трансляция режимінде көруге болады.

ҰБТ-ға жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық ауру белгілері бар түлектер жіберілмейді.

Tengrinews.kz

Айдары: Дүрбі 05.05.2021 27

Қатысты мазмұн