АҚШ-та Әбілязовтің сыбайласы ұсталды

none

Францияда қашып жүрген банкир Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Александр Удовенко Вашингтон маңындағы қалашықта ұсталды. «Ол АҚШ сотының алдында жауап береді» деп хабарлады EU Reporter.

Ресейлік кәсіпкер Александр Удовенко БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовпен тығыз жұмыс жасаған. Әбілязов өзі басқарған банктің ақшасын жымқырып Лондонға қашып кеткенде Александр Удовенко да Англияға барған. БТА банктің талабы бойынша Әбілязовке қарсы Лондон сотында іс қозғалғанда Александр Удовенко Англиядан қашып, ізім-ғайым жоқ болды.

Басылым мәліметінше, Удовенко Лондонда Әбілязовтің мүддесіне қызмет еткен. Ол оффшорлық компаниялар желісін ашуға атсалысып, миллиардтарды БТА банктен шығарып, жеке шоттарға аударып отырған. Кейін Удовенконың АҚШ-қа кетіп, Мэриленд штатындағы Бетесд қаласында "инвестициялық кеңесші" болып қызмет атқарып жүргені белгілі болды.

Басылым мәліметінше, Лондон соты ресейлік кәсіпкердің "Әбілязовтің басты қолдаушыларының бірі" екенін анықтаған. Ол "ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланылған жүздеген оффшор компанияларының әкімшісі әрі номиналды құрылтайшысы болған.

Басылым Мұхтар Әбілязовті енді АҚШ-та соттауы мүмкін екенін жазды.

Әбілязовке қарсы Нью-Йорктегі сот ісі осыдан төрт жыл бұрын Алматы әкімдігінің және БТА банктің арызы бойынша қаралған. Бұған Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластарын БТА банктен жымқырылған қаражатты АҚШ-та жасырды және қаржы айналымына пайдаланды деген айып себеп болды. Алматы әкімдігі дәйектер жинап, осы қылмыстың куәгерлерін тапқан. Александр Удовенко осы іс бойынша айыпталып жатыр.

Ал Мұхтар Әбілязов Қазақстанда «2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін» 2018 жылы 27 қарашада сырттай өмірбойына сотталды.

«S»

Айдары: Түтін 13.01.2020 103

Қатысты мазмұн