Әбілязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға қайтарылды

none

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әбілязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды.

Ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстары нәтижесін берді. Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.

Үстіміздегі жылдың 15 мамырында ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді. Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Кезінде БТА банктің Қазақстанның жүйе құрушы банктерінің бірі болғаны, оған ел экономикасының тірегі болып отырған талай ірі компанияның қаражат салғаны, одан бөлек жеке салымшылардың да сеніп артып ақшасын салғаны белгілі. Оны басқарған Әбілязов маңызы тақырға отырғызып кетпек болып қыруар қаражатты жымқырған. Банкті құтқару үшін үкімет бюджеттен миллиардаған қаржы құйды. БТА банкінің акцияларын иемдену үшін Әбілязов адам өлтіруге тапсырыс беріп, тағы басқа қылмыс жасаған.

БТА банкіне қатысты Қазақстанда Мұхтар Әбілязов қылмыстық қоғамдастық құрып, 7,5 миллиард доллардан асатын қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-банкир Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған, заңды билікті құлатуды мақсат тұтатын, тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жетекшісі.

Оның сыбайластары біртіндеп елге оралып, қылмыстық схемаларының егжей-тегжейін ашып жатар. Қылмыстың картинасы толыға түсер. Сондықан өзін қудалауға ұшыраған идеялық оппозицинер деп көрсетуге қанша талпынса да, күндердің күнінде Әбілязовтың жауапкершіліктен құтылмайтыны анық.

Айдары: Түтін 15.05.2024 60

Қатысты мазмұн