Әбілязовтың сыбайласы Алматыға қайтып оралды

none

Мұхтар Әбілязовтің ағасы Қуаныш Нұрғазин Алматы әуежайында ұсталды. Ол өз еркімен Қазақстанға оралғанын мәлімдеді. Нұрғазин Әблязов басқаратын "BSC" ЖШС-ның номиналды директоры. Әбілязов пен оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырғаны белгілі.

"Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған. 12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған. Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдірді. 24 шілдеде паспорт бақылауынан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Бірақ сотталушының өтініші бойынша Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 2023 жылғы 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті. Жақын арада басты сот талқылауы қайта басталады. Оның жауапкершілігінің көлемін сот айқындайды.

Әзірге Нұрғазин журналистерге 2007 жылы Мұхтар Әбілязов оны алдап-арбап, «БТА банктен» ақша қаражатын заңсыз жолмен шығару үшін «BSC» компаниясының директоры етіп тағайындағанын айтты. Ол жиенінің «БТА банктен» ақша ұрлағанын тіпті білмей, еш күдігі болмағанын жеткізді. Мұны құқық қорғау органдарының араласуынан кейін ғана білген екен.

Айдары: Дүрбі 25.07.2023 55

Қатысты мазмұн