Әбілязовтың өз-өзіне беретін бағасы өсіп кетті

none

Жақында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» деп аталатын естелік кітабының жарыққа шыққаны белгілі. Онда экс-президент Қаңтар оқиғасы, оппозиция, тоқалы туралы жазған. Бұған қатысты айтылатын пікір сан алуан. Бірақ қуанышы қойнына сыймай ең қатты қуанған – шетелде қашып жүрген экс-банкир, аса ірі мөлшердегі алаяқтығы, адам өлтіруге тапсырыс бергені үшін және т.б. қылмыстық кодекс баптарымен сырттай сотталған Мұхтар Әбілязов болса керек.

Н. Назарбаевтың естелік кітабында Қаңтар оқиғасын ұйымдастыруға Әбілязовтің тікелей қатысы бар деген пікірдің жазылғаны оған майдай жағып кетті. Өйткені ол Франциядан қайтадан саяси босқын мәртебесін алу үшін барын салып жатыр. Бірақ популистік ұрандарына сеніп, оған ерген бірен-саран адамның әр түрлі мерзімге сотталуына тікелей себепші болудан басқа, онысынан нәтиже жоқ екені белгілі.

Енді ол 2022 жылдың Қаңтарында Қазақстанда жаппай ретсіздік ұйымдастырған өзі екенін одан сайын шабыттана жарнамалап, оппозициялық көзқарастағы адамдардың алдында ұпай жинап, аудиториясын кеңейтіп аламын деген үмітте. Бірақ ең бастысы – батыс елдерінің лауазым иелеріне өзінің саяси оппонент, режимнің қас жауы, демократ, күрескер етіп көрсетіп, соған көзін жеткізбек. Сонда саяси баспана алып, өмір бойы Қазақстанда бүліншілік жасауға қозғау салып отырмақ.

Бірақ көзі ашық оқырман, тыңдармен мұның жалпы екі жаққа да тиімді екенін түсінеді. Қаңтар оқиғасын Әбілязовтың ісі деп көрсету экс-президенттің інілерін арашалап алудың амалы, екінші жағынан, бұл рөлді Әбілязов былтырдан бері армандап келеді. Бұған өзін-өзі сендіріп қойса да, сыни көзқарастағы жөні түзу адамдардың бұған сенбейтінін анық.

Айдары: Бақ-бақ 19.12.2023 34

Қатысты мазмұн