Әбілязовтің тағасының бағасы қанша?

none

Шетелде қашып жүрген экс-банкир Мұхтар Әбілязовтің туған нағашысы (тағасы) Қуаныш Нұрғазин елге өз еркімен оралды деп жатыр. Оның жиені нағашысының ақтық сапары өзі армандағандай қазақ жерінде атқарылса екен дейтін сөзге саятын әңгімені гөйітіп жатыр.

Бірден айта кетейік, Әбілязовтің де, Нұрғазиннің де «туған жерден топырақ бұйырсын» деген сөзі бекер. Қашып жүріп, шетелде қайтыс болып, сүйегін елге жеткізіп жерленген талай адамның оқиғасын білеміз. Басқасы басқа, шетелде өлген қазақты атажұртына әкеп жерлеуге билік қарсы болған емес. Мұндағы гәп басқада: Әбілязовтің мың сан фирмасында жұмыс істеп, сонымен шетелге қашып кеткен талай адам уақыт өткізіп барып елге оралды. Әбілязовтің қаржысын жасыруға көмектескен олардың қатарында БТА банктің бірнеше топ-менеджері бар. Уақыт өте келе Әбілязов оларды қаржыландыруды тоқтатады. Шетелде тұру оңай емес, оны бәріміз білеміз. Сондықтан қаржыдан қысылған олар Әбілязовпен ат құйрығын кесіседі де өз жолын таңдайды. Ағайынды Кетебаевтар да Әбілязовтен солай ажырады. Әбілязовпен бірге шетелге кеткен талай журналист уақыт өте келе сырт айналып кетті. Бәрі ақшаға байланысты, Әбілязов көмек бермей қойса, бәрі сөйтеді. Ауыр кеселге шалдығып, шетелде қараусыз, көмексіз қиын жағдайға қалған Болат Атабаев та өмірінің соңында туған жеріне оралуға мәжбүр болды...

Бір қызығы, Әбілязовпен кетісіп, елге оралғандардың көбісі экс-банкирге деген ренішін ашып айтпайды. Бұл моралдық тұрғыдан дұрыс ұстаным шығар... «Әбілязов ақша бермей қойды, өз бетімше өмір сүре алар емеспін» дей ме, сонда?! Мұндай сөз біртүрлі, ұят қой. Мұхтар Әбілязовтің тағасы Қуаныш Нұрғазин ондай ренішіті сөз тіпті айтпақ емес. Сондықтан ол «туған жердің топырағы...» деген алдартпа сөзді айтып жүр. Мұхтар Әбілязов те «Таға, Қазақстанға барма, мені жерге қаратасың» деп тиым сала алмайды. Мұндай талап қою үшін ол нағашысының шетелдегі қымбат өмірін қамтамасыз етіп отыру керек. Жоғарыда атап өткендей, дәл қазір Әбілязов артық теңге шығаруға құлықты емес, «ақшам түгесілді» деп аузын қу шөппен сүртіп жүргеніне біраз жылдың жүзі болды.

Ораз Әлімбеков,

Материал Фесбуктен алынды

Айдары: Дүрбі 27.07.2023 65

Қатысты мазмұн