Әбілязовшілердің қатары сирей бастады

none

Қазақстанда заңмен тыйым салынған әбілязовшіл ҚДТ қозғалысы ыдырай бастады. Әбілязовтың ең белсенді жақтаушысы болған алматылық Камилла Шоканова ҚДТ-дан туалай кететінін мәлімдеді, Әбілязовке қарсы сын айтуды күшейтті.

Камилла Шоканованың Әбілязовпен араздасуының себебі бар. Шоканованың айтуынша, Әбілязов белсенділердің жұмысын талқылайтын жабық чат ашқан. Чатқа қатысушылар өздерінің қауіпсіздігі үшін лақап ат алады, ал шын есімі құпия болады. Мұндайда тіпті кімнің кім екені білу қиын. Осындай лақап ат жамылып ҚДТ мәселесін талқылау кезінде бір әйелмен К.Шоканова сөз таластырып келіспей қалған. Әлгі әйел «сен БЦП-мен (Балалардың церебрльды сал ауруы) аурасың, ештеңе түсіне алмайсың» деген қатты-қатты сөз айтқан. Бұған қатты ренжіген ол Әбілязовке әлгі әйелдің үстінен арызданған. Әбілязов К.Шоканованы емес, әлгі әйелді қолдап кетті. Сондықтан Шоканова мен Әбілязовтің арасында ұры-керіс басталып, К.Шоканова ҚДТ-дан кететінін мәлімдеді.

Шоканова Әбілязовтен басқа да адамдарға шүйлігіп жатыр. Ол Әбілязовке заңдық көмек көрсетіп жүрген Людмила Козловская мен Ботагөз Жәрдемәлінің атын жиі атайды. Соған қарағанда, Шокановаға чатта қорлық сөз айтқан солардың біреуі болуы мүмкін. Егер дәл солай болса, онда Әбілязовтің Шоканованы қолдамай қоюының өзіндік себебі бар: Л.Козловская да, Б.Жәрдемәлі де Әбілязовтің нақсүйері, тіпті, бұл екі әйел қашқын банкирдің көңілдесі екені жиі айтылады. Оның үстіне Камилла Шоканова бірбеткей, жүзің бар, бетің бар демей шындықты бетке айта салатын қайсар мінезді қыз. Әбілязовке мұндай адамдар ұнамайды, олардан тезірек құтылғанды жөн санайды. Украинаға қашып кеткен Жанара Ахметова да Әбілязовпен ҚДТ жұмысы үшін керісіп, соңы бетжыртысқа ұласты. Бұған дейін ол өзін қиын сәтте қолдаған ағайынды Кетебаевтармен де кетіскен. Әбілязовке ренжулі қаншама журналист, қоғам белсендісі бар. Оларды бәрі қазір қашқын банкирге іштей наразы. Осындай адамдарды саны күн санап өсіп барады.

«S»

Айдары: Түтін 06.09.2021 162

Қатысты мазмұн