Әбілязов Парижде қалуға мүдделі

none

Экс-банкир, «ескі Қазақстан» тұсында тасы өрге домалап байыған, бірақ кейін режиммен бет жыртысып кеткен қашқын олигарх Мұхтар Әбілязов Фейсбуктегі парақшасында Парижде жүргенін және одан кететін ойы жоқ екенін мәлімдеді.

Полиция префектісінің шешімі бойынша 30 күннің ішінде Әбілязов Парижен кетуге тиіс екені туралы ақпараттың шығуы жұртшылықтың назарын өзіне аударуға мүмкіндік беріп отырғанына қуанып кеткен ол Швейцария, Италия мен басқа елдердің журналистері хабарласып, осыған байланысты сұрақ жаудырды деп мақтанып қояды.

Бірақ бұл «Назарбаев-Тоқаев режимінің кезекті арандатуы» екен, өйткені Әбілязов полиция префектісінің шешіміне қатысты сотқа арыз беріп, 6 қыркүйекте өтетін сотты күтіп отыр екен.

Сотта жеңіп, Қазақстанға Париждің өзінен ұшып келмек екен. Бірақ сот процесінің ұзаққа созылатынын білетін оған бұл қолайлы да. Уақыт созып жүре бермекші. Сол арада сеніп қалған адамдардан ақша жинап, көшеге шығарып, заңды билікті төңкермекші. Бірақ билікте болған, «тура сол қамырдан жасалған демократқа» халық сене ме?

Айдары: Дүрбі 10.08.2023 74

Қатысты мазмұн