Әбілязов МАЭК жұмыскерлеріне көсем емес

none

БТА банктің қаржысын жымқырғаннан кейін шетелде қашып жүрген және өзін шетелдегі қазақ оппозициясының көсемі санайтын экс-банкир Мұхтар Әбілязов «жұлдызды» ауруын еңсере алмай отыр. Кеше әлеуметтік желідегі парақшасында МАЭК қызметкерлерінің жалақысы 51 мың теңгеге көтерілгеніне өзінің тікелей қатысы барын мәлімдеп үлгерді.

«Тоқаевқа үндеу жасап, МАЭК-ты 6 айға менің басқаруыма беруін ұсынып едім, сол бойда қызметкерлердің жалақысы 51 мың теңгеге өсті… Сөйтіп, елге де келмей-ақ МАЭК-тегі жалақыны 51 мың теңгеге көтердім! ... Мен жалақының орташа есеппен 1 млн теңге болуына қол жеткіземін!» деп кеудесін соқты.

Мәлімдемесін ешкім елемеген соң, Әбілязов «МАЭК кәсіподағы 15 АЕК-ке (51 мың теңгеге) сатылды – олар Мұхтар Әбілязовтың ұсынысын қабылдамай отыр», қалталары 1 млн теңгені көтере алмайды деп кәсіпорын қызметкерлерін қорлауға көшті.

Кәсіпорынның басшылығы мен ұжымы келісімге келгеніне көңілі көншімейтін «төңкерісшіл демократтың» басты мақсаты Франциядан экстрадицияланбау. Сол үшін ол өзін билік тарапынан қудалауға ұшыраған, режимнің оппоненті, демократия жолындағы жалынды күрескер етіп көрсетіп, төрешілерді сендіруге барын салады. Өзіне халық тарапынан ақшалай қолдау жасалып жатқанын көрсету үшін әр түрлі фейк-аккаунт жасап, хабар жазып қояды. Күрес жүргізіліп жатыр, қолдаушылар да бар сияқты болып көрінеді. Бірақ нақты жағдайда спектакльдің көрермені жоқ екені бірден анық болады.

Айдары: Түтін 25.04.2023 103

Қатысты мазмұн