Әбілязов эзотерикаға ұрынды

none

Қазақстанда төңкеріс жасап, билікке келуді армандайтын Әбілязов есінен ауысқан деген пікір шындыққа ұқсайды. Еліміздің жастары мен басқа ересектерінен және өзі атеист екенін мәлімдесе де, ерекше мән беріп отырған дін жолындағы адамдардан қолдау таппаған соң ол картамен бал ашатын әйелдердің қызметін пайдаланатын болыпты. Соған арнайы видео түсіріп, жұртшылық назарына ұсыныпты. Ал оның балгері тапсырысты ойдағыдай орындапты.

Фейк-көрерменінің «сұрағына» Әбілязовтің қазір Қазақстанға келуіне болмайды, бұл өте қауіпті, оны өлтіруі мүмкін және оны өлтіруге оқталатын адам күш құрылымдарының өкілі, деп жауап беріпті. Осы «карталық спектакль» барысында Әбілязов Қазақстан президенті болмайды, бірақ премьер-министр лауазымына келеді деп «болжайды».

Ол кезде Қазақстанның мемлекеттік құрылысы басқа болады, елді премьер басқарады, деп «көріпкелдігін» жалғастырады.

Әбілязовтің дәл қазір және келешекте де мақсатына жете алмайтынын біліп, бұл бірнеше жылдан кейін болады деп ескертіп қояды. Яғни аудиториясын (ол бар болса) қызықтырып қоюға барын салады.

Қашқын олигарх Әбілязов адамдарды ақымақ деп ойлайды ма немесе осындай «көріпкелдік болжау» арқылы визуализация жасап, арманы орындалғандай рахаттанып қояды ма? Екеуі де бар. Осындай сандыраққа халық ұйып тыңдап сенеді деп ойлайды. Тура қараңғы орта ғасыр сияқты. Бір жағынан, ол «эзотерикалық терапия» алады және екінші жағынан, төңкерісшіл Ленин сияқты сезінген өзінің Қазақстанға келмеуін «дәлелдеп, негіздеп» қояды. Алаяқ қандай салада болмасын алаяқтығын қоймайды.

Амалы таусылып эзотерикаға ұрынған Әбілязовке кім ереді? Дені сау адамдардың арасында ондайлар жоқ екені анық.

"S"

Айдары: Түтін 17.11.2022 81

Қатысты мазмұн