Әбілязов енді діндар адамдарды азғырып жатыр

none

Қашқын олигарх, БТА банкінен қыруар қаражатты жымқырып шетел асқаннан кейін демократ кейпіне енген Мұхтар Әбілязов Қазақстандағы тұрақтылықты жою жоспарын жалғастырып келеді. Елімізде президент сайлауы өтетін күні мемлекеттік төңкеріс жасаймын деп армандап, тағатсызданып отырған ол өзінің сандырақ сөзіне құлақ асатын адамдар табыла қоймаған соң, енді мұсылман қауымына арнап видео түсіре бастапты.

Жақында шығарған көптеген видеосының бірін «ИН ША АЛЛАХ!» деп атап қойыпты. Әр түсірген «шедеврінде» құдды мантра сияқты мың рет қайталанатын популистік арзанқол ұрандарын тағы да айтып, онысын «ИН ША АЛЛАХ!» деп атағаннан Қазақстандағы күллі мұсылмандар оған ереді деп ойласа керек. Орысшасы мен қазақшасын араластырып, яғни «шалақазақша» жазылған «туындысында» «үйлестіру штабын» басқаратын әбілязовшіл жас блогер қазіргі президентке қатысты ұят сөз айтып қояды. Деңгейі де, өресі де осы. Одан жоғары көтерілуі мүмкін де емес.

Төңкеріс жасаймын деп армандап жүрген экс-банкир бір-екі ауыз қазақша сөйлесем және ислами сөз қолдансам, қазақтар ұйып тыңдайды деп қатты қателесіп отыр. Қаңтар қырғынын көрген жұртшылық оның қайталануын қаламайтынын және Әбілязов жаңа аудитория іздеп отырған мұсылмандар қауымында мемлекет басшысын құрметтеу маңызды екенін ескермепті. Немесе білмейді. Сондықтан Әбілязовтың қазақ мұсылмандары арасында қолдау таппайтыны анық.

Бірақ гипотеза ретінде Әбілязов пен Тоқаевты салыстырып қарасақ, қазіргі президенттің салмағы зор. Оның мемлекеттік басқару саласында да, дипломат ретінде де мол тәжірибесі бар, ешқандай рулық немесе олигархиялық кланға жатпайды және ол байлыққа қызықпайтын интеллигент адам. Ол жас емес және Назарбаевтың өткен жолына қарап, дәл қазір тарихта жақсы атпен қалуға бірден-бір мүмкіндігі бар екенін түсінеді. Әлбетте, Тоқаевтың саясат сахнасындағы жағдайы аса қиын. Бірақ бұл оның «жұлдызды сағаты» да. Ал Әбілязов Назарбаев тұсында мемлекеттің байлығын талан-таражға салып, тез байып алу жағынан ғана әбден машықтанған адам. Маңызданып айтып жүрген сөзінің бәрі Остап Бендерге лайық. Ал Бендердің тағдыры түрме немесе шетел екені анық.

"S"

Айдары: Түтін 12.11.2022 48

Қатысты мазмұн