Әбілязов Біляшті шашынан тарпайды

none

Елімізде президент сайлауы болатыны белгілі болған кезден бастап белсенділігін арттырып, мемлекеттік билікті құлату туралы ұран тастап жүрген қашқын банкир, олигарх Мұхтар Әбілязов пен оның «үйлестіру штабының» мүшелері АҚШ-та отырып Қытайдан Қазақстанға оралған қазақтарға арнап сөз сөйлеп отыратын Серікжан Біляшты тікелей эфирге қайта-қайта шақыруда. Әзірге нәтижесіз.

Бір кезде Әбілязовті жақсы көретінін мәлімдеген Серікжан Біләштің аудиториясын алаяқ банкир өзіне қосып алуды армандап жүрген сияқты. Эфирге шыққан сайын қазақша сөйлеп қоятын әдетін жалғастырып, күлкілі жағдайға қалудан жалықпайды.

Соңғы кездегі бір үндеуінде Әбілязов: «Біз оны шақырдық. Уақыты болса, мүмкіндігі болса, бізбен бірге жұмыс жасайды, қосылады. Қосылмаса, өзі білсін. Ешкімді шашынан тартып жүрмейміз» депті.

Әлбетте, өздерін ғана нағыз оппозиционер, халықтың жанашыры деп есептейтін бұл екеуінің тандемі іске аспайтыны анық. Қазір олар ара-арасында бірін-бірі мақтап, түбінде бір-бірінің азын-аулақ адиториясы есебінен "танымалдығын" арттырмақ.

Айдары: Түтін 07.12.2022 89

Қатысты мазмұн